ЕҚЫҰ Қазақстанда су ресурстарын басқару саласындағы үздік білім беру стандарттарын ілгерілетуде
Су секторындағы үздік білім беру стандарттарына назар аудара отырып, су ресурстарын тұрақты басқару бүгін Астанада Қазақстан Парламентінде ЕҚЫҰ қолдауымен 2017 жылғы 16 мамырда өткен дөңгелек үстелдің талқылау тақырыбы болып табылды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Парламентімен, Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы дирекциясымен (ХАҚҚ), Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігімен (ЮСАИД) және Орталық Азия Өңірлік экологиялық орталығымен (ОАӨЭО) тығыз ынтымақтастықта 60-қа жуық қатысушылар үшін ұйымдастырды. Бұл Парламент Аграрлық мәселелер комитетінің 25 депутатын, сондай-ақ су және ауыл шаруашылығы саласындағы сарапшылар мен мемлекеттік қызметкерлерін қоса алды.
«21 ғасыр су ресурстары саласындағы жағдайдың қатты нашарлауымен сипатталатыны мойындалды. Сондықтан суға деген ұқыпты қарым-қатынанасымызды есімізде сақтау аса маңызды», - деді Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі Төрағасының Орынбасары Владимир Божко. «Бүгінгі іс-шара Үкіметті тиісті мәселелер бойынша хабардар етуге, және су секторындағы келелі мәселелерді алдын алу үшін тиісті шаралар қолдануға, сондай-ақ ұлттық сараптамалық әлеуетті арттыруға бағытталған».
Іс-шараның мақсаты халықаралық білім беру стандарттарын енгізу арқылы су ресурстарын басқару саласындағы үздік ұлттық заңнаманы ілгерілету болды. Сонымен бірге қатысушылар су ресурстары бойынша білім секторындағы қазіргі кездегі сын-қатерлерді қарастырды және осы бағдарламалар мен заңнаманы ілгерілету үшін тиісті шаралар ұсынды.
«ЕҚЫҰ өз қызметінде су ресурстарын басқару саласында қазіргі кездегі дағдылар мен білімді иемденген жас мамандардың жаңа буынын қолдауға ерекше назар аударады», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Елші Дьердь Сабо. «ЕҚЫҰ су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы үздік тәжірибелерге сәйкес білім беру стандарттарын ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды бұдан әрі қолдауға дайын».
Іс-шара ЕҚЫҰ су қауіпсіздігі саласындағы және жастардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуды қолдау бойынша бұрын өткізілген іс-шаралардың жалғасы болып табылады. Сонымен қатар, бұл су ресурстарын басқару секторындағы үздік тәжірибелер мен «ноу-хау» мәселелерінде Парламент өкілдерінің хабардарлығын жоғарылатуға және әлеуетін арттыруға бағытталды.