Қазақстанда ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілген шекаралық өткізу пунктерінде тәуекелді профильдеу бойынша тренингтер топтамасы аяқталды
2017 жылдың 28 сәуірінде Астана қаласында биліоргандарына трансұлттық қылмысқа қарсы іс-әрекет ету мақсатында шекаралық өткізу пунктерінде профильдеу бойынша ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған бес күндік оқыту семинары аяқталды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің жиырма төрт офицер-нұсқаушысы «Профильдеу бойынша озық әлемдік практикалар» атты тренинг семинарына қатысты. Іс-шара 2016 жылдан бастап, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі, Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттары Елшілігі және Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен (ЦАРИКЦ) бірлесіп ұйымдастырған жобаның үшінші және қорытындылаушы кезеңі болып табылады.
Израиль, Ресей Федерациясы және Америка Құрама Штаттарынан келген сарапшылар шекарашыларға өз елдеріндегі тәуекелдерді профильдеу жүйелеріне шолу жасады. АҚШ-тың Есірткімен қарсы күрес басқармасы Жахандық оқыту командасының сарапшылары сұхбаттасудың тиімді техникаларымен және үлкен және шағын әуежайларда құрықтаудың озық практикаларымен бөлісті.
Курс түлектері олардың нұсқаушы-маман біліктілігін куәландыратын дипломдарға ие болды. Олар аталған курсты немесе оның бөлімдерін бүкіл Қазақстан бойынша қызмет орындарына қайтып барған соң өз әріптестеріне оқытатын болады.
Бұл топтама былтыр Қазақстанның алты түрлі аймағында Шекара қызметінің 128 офицерлеріне профильдеу бойынша арналып ұйымдастырылған оқыту іс-шараларының жалғасы болып табылады.
Аталған іс-шара трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет ете отырып, қабылдаушы елде шекаралық қауіпсіздікті нығайту мен шекара қауіпсіздігін кешенді басқаруды ілгерілету бойынша Офис қызметінің бөлігі болып табылады. Келесі іс-шаралар ағымдағы жылы Ақтөбе және Қостанай қалаларында өткізілмек.