ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстандағы полиция мен қоғам арасында сенімді арттыру бойынша іс-шара өткізілді
2017 ж. 28 сәуірде Астанада Ішкі істер министрлігінде ЕҚЫҰ қолдауымен құқық қорғау органдары мен жұртшылық арасындағы сенім деңгейін арттыру жолдарын талқылау мақсатымен қоғамдық тыңдау өткізілді.
Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары, Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция төрағасы және Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы, сондай-ақ құқық қорғау органдарының 35-ке жуық қызметкерлері және азаматтық қоғамның шамамен 30 өкілі қоғамдастық пен құқық қорғау органдары арасында байланысты арттыру жолдарын, сонымен қатар бүкіл ел бойынша қылмысты алдын алу мен қауымдық полицияға жәрдемдесу жолдарын талқылау мақсатымен жиналды.
Қатысушылар Ішкі істер министрлігіне қарастыруға жіберілетін бірқатар ұсыныстарды әзірледі.
Іс-шара қабылдаушы елде қауымдық полицияны ілгерілету бойынша Офис қызметінің бір бөлігі болып табылады.