ЕҚЫҰ Қазақстанда БАҚ заңнамасын талқылау жөнінде дөңгелек үстелге қолдау көрсетуде
2017 жылдың 28 сәуірінде Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен БАҚ саласындағы заңнаманы талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Шамамен 35 Парламент депутаттары, Ақпарат және коммуникация министрі, мемлекеттік органдардың өкілдері, журналистер мен бүкіл Қазақстаннан келген БАҚ саласындағы сарапшылар бірінші кезекте үкіметтік емес ұйымдармен әзірленген БАҚ туралы жаңа заң жобасына байланысты Қазақстандағы медиа-заңнаманың даму динамикасын талқылап, талдады.
Қатысушылар «жол картасын» жасап, оны сөз бостандығының халықаралық стандарттарына сәйкес ілгері дамытуға бағытталған ұсыныстарды дайындады. Сонымен қатар қатысушылар мемлекет пен БАҚ арасында өзара қатынас саласындағы халықаралық стандарттар мен ұлттық тәжірибені, Интернет желісінде ақпаратты таратумен байланысты қатынастарды заңды түрде реттеу, БАҚ-ты мемлекет тарапынан қаржыландыру және басқа да мәселелерді талқыға салды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық қоры мен Сорос-Қазақстан қоры бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шара Офистің ЕҚЫҰ қағидалары мен міндеттемелеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мен пікір білдіру еркіндігін ілгері дамыту бойынша қызметінің бір бөлігі болып табылады.