ЕҚЫҰ Қазақстанның ауылдық өңірлеріндегі әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту бойынша екінші дөңгелек үстел мен семинарды қолдауда
2017 жылғы 21 сәуірде Шымкент қаласында ауылдық өңірлердегі әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бойынша Оңтістік Қазақстан облысының кәсіпкер-әйелдердіне арналған ЕҚЫҰ-ның дөңгелек үстелі мен семинары аяқталды.
Іс-шара 50-ге жуық Парламенттің, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, азаматтық қоғамның өкілдері және Оңтістік Қазақстан облысының кәсіпкер-әйелдері үшін Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің одағымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Қатысушылар облыстағы бизнес жүргізудің мәселелерін талқылады. Өңірлік бизнесті дамыту институттарының сарапшылары бизнесті қолдау бойынша ағымдағы мемлекеттік бағдарламалар және қаржы институттарынан несие алу жолдары туралы ақпаратпен бөлісті. Дөңгелек үстелден кейін өңірдің ауылдық жерлерінде тұратын әйелдердің дағдыларын жетілдіруге бағытталған қаржылық сауаттылық және бизнес жетекшілік бойынша оқыту семинары өткізілді.
Бұл іс-шара қабылдаушы елдегі гендерлік ұстанымды ілгерілету және экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған Офистің ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.