ЕҚЫҰ қазақстандық полицияға арналған психологиялық профильдеу бойынша оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруда
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Ішкі істер министрлігімен бірлесе ұйымдастырылған семинарды Қазақстан психологтары мен терапевттерінің республикалық ассоциациясының сарапшылары өткізді. Аталған іс-шара ЭКСПО 2017 және Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2017 дайындық шеңберінде бұқаралық жиындарды басқарудың озық практикалары бойынша 2016 ж. қазан, қараша және желтоқсан айларында Астана және Алматы қалаларында өткізілген семинарлардың жалғасы болып табылады.
ҚР ІІМ Қарағанды академиясының 35-ке жуық орта буын офицерлері мен оқытушылары бұқаралық іс-шаралар барысында ықтимал қауіптерді анықтаудың психологиялық техникалары туралы білді. Сарапшылар психологиялық профильдеу мәселелері, соның ішінде тәуекел профильдерінің элементтерін анықтау, топтың психологиясы мен агрессивті топқа психологиялық әсер ету әдістері, өтірік айтуды анықтау техникалары, көріп есіне сақтауды, зейінді шоғырландыруды және бөлуді бекіту жаттығуларына ерекше көңіл бөлді. Сарапшылар сонымен қатар тәуекел индикаторларын пайдалану әдістерін көрсетті. Курс барысы практикалық жаттығулармен толықтырылды.
Келесі семинар 2017 ж. 19-21 сәуір аралығында Көкшетау қаласында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының офицерлері мен курсанттарына арналып өткізіледі.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қауіпсіздікті нығайту, есептілікті арттыру мен бұқаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында озық практикаларды ілгерілету бойынша қызметінің бөлігі болып табылады.