ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілген Қазақстан және Қырғызстан әскери қызметкерлеріне арналған бітімгершілік жөнінде аймақтық курс аяқталуда
2017 ж. 7 сәуірде Алматы қаласында бітімгершілік миссияларына кетер алдында жеке құрамды қосымша дайындау бойынша Қазақстан және Қырғызстан әскери қызметкерлеріне арналған екі апталық аймақтық курсы аяқталды.
Іс-шараға Қазақстан және Қырғызстанның 25 әскери қызметкері қатысып, олар БҰҰ-ның бастапқы бітімшершілік дайындық пен азаматтық халықты қорғау жөнінде оқыту материалдарымен танысты.
Курс бүкіл бітімгершілік – әскери, полициялық немесе азаматтық - персоналға БҰҰ бітімгершілік миссияларында тиімді түрде қызмет етуге қажетті тиісті білім ұсынады. Қатысушылар бейбітшілікті қамтамасыз ету негіздері, бітімгерлер қатарына қосылу ережелері, сәйкес халықаралық құқық, адам құқықтарын, соның ішінде әйелдер мен балаларды сексуалдық қанау мен қатыгез әрекеттерден қорғау негіздері туралы білді.
Сарапшылар халықаралық стандарттарға сәйкес бітімгершілік операциялары барысында қауіпсіздік пен қорғауды қамтамасыз етудің озық тәжірибелері мен ағымдағы рәсімдерімен бөлісті. Іс-шара азаматтық халықты қорғауға ерекше назар аудара отырып, симулятивтік жаттығумен аяқталады.
Курс Құрлық әскерлері әскери институтының «Бейбітшілік үшін әріптестік» оқу орталығында (КАЗЦЕНТ) Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Тәжікістандағы ЕҚЫҰ бюросының қолдауымен өткізілді. Бұл іс-шара былтыр Алматы қаласында бітімгершілік миссияларына кетер алдында жеке құрамды қосымша дайындау бойынша өткізілген бір апталық таныстырма курсының жалғасы болып табылады.
2009 жылдан бастап Офис Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстан арасында жарылғыш қаупі бар заттарды, соның ішінде бітімгершілік операциялары барысында қысқарту мәселесі бойынша техникалық деңгейде кооперативті механизмдердің дамуына ықпалдастық етеді.