ЕҚЫҰ Қазақстанның Шекара қызметіне тәуекелдерді профильдеу жөнінде қолдау көрсетуде
2017 ж. 31 наурызда Алматы қаласында трансұлттық қылмысқа қарсы іс-әрекет мақсатында шекаралық өткізу пунктерінде профильдеу бойынша ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған бес күндік оқыту семинарлары топтамасының екіншісі аяқталды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің он жеті офицері «Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-әрекет етуге бағытталған шекаралық өткізу пунктерінде профильдеу» атты оқыту семинарына қатысты.
Оқыту семинарларының топтамасы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі, Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттары Елшілігі және Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен (ЦАРИКЦ) бірлесіп, Шекара қызметінің офицерлеріне арналып ұйымдастырылған.
Қазақстан психологтары мен терапевтерінің республикалық ассоциациясы, сонымен қатар Шекара қызметі шекара бақылау бас басқармасының офицерлері шекарашыларды тәуекелдерді профильдеу жүйесін дайындау, қылмыстық оқиғалар бойынша мәліметті талдаудың статистикалық құралдары және кең ауқымда пәрменді тәуекелдер профильдерін дамыту жолдарымен қамтамасыз етті.
Тренингке күдіктінің вербалды және вербалды емес мінез-құлқын терең психологиялық талдау техникалары, сонымен қатар тәуекелдердің нақты көрсеткіштерін анықтау жолдары енгізілген. Семинарлар былтыр Қазақстанның алты түрлі аймағында Шекара қызметінің 100-ден астам офицерлеріне профильдеу бойынша шекарашыларға арналып ұйымдастырылған оқыту іс-шараларының жалғасы болып табылады.
Аталған іс-шара трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет ете отырып, қабылдаушы елде шекаралық қауіпсіздікті нығайту мен шекара қауіпсіздігін кешенді басқаруды ілгерілету бойынша Офистің ұзақ мерзімді қызметінің бөлігі болып табылады. Келесі іс-шаралар үстіміздегі жылы Ақтөбе, Астана және Қостанай қалаларында өткізілуге жоспарланып отыр.