ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қылмыстық сот төрелігі жүйесін дамыту жөніндегі талқылауды қолдауда
АҚ БҰЛАҚ, Қазақстан, 17 наурыз 2017 ж. - Бүгін ЕҚЫҰ қолдауымен қылмыстық сот төрелігін жетілдірудің басты бағыттары бойынша жыл сайынғы екі күндік дөңгелек үстелдің жұмысы Алматының маңындағы Ақ бұлақта басталды.
Дөңгелек үстел жұмысына 70 жуық қатысушы, соның ішінде мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды өкілдері, Парламент депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми қауымдастық, адвокаттар алқасының өкілдері, сонымен қатар жергілікті және Германия мен Нидерландыдан келген құқық саласының халықаралық сарапшылары қатысты. Сонымен қатар конференцияға Мысыр Жоғарғы Конституциялық Сотының делегациясы қатысты.
Қатысушылар қолданыстағы құқықтық практика ақтаңдақтары мен соңғы қылмыстық сот төрелігі реформасының аясында енгізілілген жаңалықтарды пайдалануға байланысты негізгі мәселелерді талқылады. Олар кінәны мойындау жөніндегі келісімге келу, сотқа дейінгі қамау және тергеу, кінәсіздік презумпциясының қағидасының сақталуы, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізуде тараптардың теңдігі мен сайыстылығына байланысты мәселелердің кең ауқымын қарастырды. Жеке сессия экономикалық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтарын тіркеу және олардың тергеу әдістеріне арналды.
Игорь Рогов, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы: «2015 жылы қылмыстық сот төрелігінің жаңа кодекстері қабылданғаннан бері бірқатар тәжірибе жинақталған болатын. Бұл олардың тиімділігі және олардың іс жүзінде қалай қолданылып келуі туралы кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік береді», -деді.
«Қылмыстық іс жүргізудегі жаңалықтар әрқашан құқықтық қоғамдастықтағы және қарапайым азаматтар арасындағы белсенді талқылауға әкеледі», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы, елші Дьердь Сабо. «Мен барлық негізгі мүдделі тараптардың қатысуымен өтіп жатқан бүгінгі кездесуіміз оң халықаралық тәжірибе негізіндегі құқық қолдануды одан әрі жақсартуға септігін тигізеді деп үміттенемін».
Іс-шараны Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі неміс қорының қолдауымен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты және Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясы (Венеция комиссиясы) бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шара қабылдаушы елдегі құқық үстемдігі және қылмыстық сот төрелігі институттарының нығайту үшін билік пен азаматтық қоғамның күш-жігерін қолдаудағы Бағдарламалар офисінің қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.