ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстанда жеке тұлға құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты конференцияны қолдауда
АСТАНА, 16 наурыз 2017 ж. - Жеке тұлғаның құқықтарын қамтамасыз ету және оның құқық үстемдігіне әсері бүгін Астанада ЕҚЫҰ-ның қолдауымен жыл сайынғы «Шәйкенов оқулары», аясында өткен өткен халықаралық конференцияның назарында болды.
90-ға жуық қатысушы, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары, ғалымдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, қызметтегі заңгерлер, ұлттық және халықаралық құқық сарапшылары жеке тұлғаның негізгі құқықтарын қорғаудың теориялық және практикалық аспектілері және заң үстемдігін қамтамасыз етуге қатысты мәселелердің кең ауқымын талқылады.
Олар конституциялық құқық, саяси құқықтар мен Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы білім берудің өзекті мәселелерді талқылаудан өткізді. Сондай-ақ, қатысушылар халықаралық ережелер мен міндеттемелерге сай және олар ұлттық заңнамада қалай көрініс тапқанның аясында жеке тұлға құқықтарын қорғау жолдарын талқылады. Ресей Федерациясынан келген сарапшы Рустам Касьянов қаржы нарықтарының аймақтық интеграциясы және оның адам құқықтарына әсері туралы салыстырмалы зерттеуді ұсынды.
«Адам құқықтарын қорғаудың мақсаты әр адамның лайықты өмір сүру үшін жағдайды қамтамасыз ету болып табылады», - деді ҚР Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина. «Жеке тұлғаның құқықтарын толық жүзеге асырудың конституциялық кепілдіктері кез-келген елдің дамуы үшін маңызды алғышарттары және оның табысының негізгі көрсеткіштері болып табылады».
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо: «Адам құқықтарын қорғау қажырлы жүзеге асыруын талап етеді. Осы тұрғыда біз бүгінгі конференция жеке тұлға мүдделерін қорғау мәртебесі, мәселелері мен болашағын бағалауға және негізгі бостандықтарға қатысты проблемалардың шешу жолдарын анықтау үшін мүмкіндік береді деп үміттенеміз»,- деді.
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихындағы ең көрнекті заңгер мен мемлекеттік қайраткерлерінің бірі Нағашыбай Шәйкеновті еске алуға арналған іс-шара ғалымның 70 жылдығын атап өтті. Іс-шараны ҚР Әділет министрлігінің Заң шығару институты мен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ұйымдастырды.
Конференция Қазақстандағы сот төрелігі реформалау процесін қолдау шеңберіндегі Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының бөлігі болып табылады.