ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстандағы мерзімінен бұрын парламенттік сайлауды бақылау миссиясын ашады
АСТАНА, 17 ақпан, 2016 ж. - Бүгін ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросында (ДИАҚБ) үстіміздегі жылдың 20 наурызында Қазақстан парламентіне мерзімінен бұрын сайлау өткізу себепті сайлауды бақылау миссиясы ресми ашылды. Миссияның жұмысы қазақстандық биліктің шақыруынан кейін басталды.
Миссияны елші Борис Фрлек басқарады, бұл миссия Астанадағы 11 сарапшыдан тұратын негізгі топтан, сондай-ақ 23 ақпаннан бастап 2 адамнан тұратын командамен елдің барлық аймақтарында жұмыс істейтін 28 ұзақ мерзімді бақылаушыдан құрылды. Сонымен қатар, ДИАҚБ ЕҚЫҰ мүше-елдеріне қысқа мерзімге 400 бақылаушы жіберу туралы сұрау жасайды. Қысқа мерзімді бақылаушылар сайлау басталғанға дейін бірнеше күн бұрын келеді.
Бұл миссия сайлауды ЕҚЫҰ мүшелігіне міндеттемелерге және басқа халықаралық міндеттемелер мен демократиялық сайлау стандарттарына сәйкестікті, сондай-ақ ұлттық заңнамаға сәйкестікті бағалайтын болады. Бақылаушылар кандидаттар мен электоратты тіркеуді, сайлау комиссиясы мен тиісті мемлекеттік органдардың жұмысын, сайлау өткізу жөніндегі заңнаманы және оның орындалуын, сондай-ақ сайлау өткізумен байланысты дауларды шешуді зер салып қадағалайды. Сайлау кампаниясын жариялау жөніндегі БАҚ жұмысын қадағалау да бақылау миссиясының бөлігі болып табылады.
Миссия мүшелері бұл жүргізілген бақылау барысы бойынша мемлекеттік билік, саяси партиялар өкілдерімен және олардың кандидаттарымен, сондай-ақ азаматтық қоғам, БАҚ және халықаралық бірлестік өкілдерімен кездесулер өткізеді.
Сайлау күні бақылаушылар сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, бюллетеньдерді есептеу және нәтижелер шығаруды қадағалайтын болады. Сайлау күні ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды бақылау миссиясы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының (ЕҚЫҰ ПА) делегациясымен және Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясымен (ЕКПА) өз күшін біріктіреді.
Миссия жұмысты орындау барысы жөніндегі аралық баяндаманы жариялайды. Сайлаудан кейін келесі күні болатын баспасөз конференциясында алдын ала болған және қорытындылар туралы мәлімдеме жасайды. ДИАҚБ бақылау миссиясы аяқталғаннан кейін шамамен сегіз апта ішінде барлық электоралды үрдістерге бақылау жүргізу жөнінде қорытынды баяндаманы жариялайды.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды бақылау миссиясы және Астана қ. ЕҚЫҰ өкілдігі жеке және өз өкілеттіктеріне сәйкес әрекет етеді.
Толық ақпарат алу үшін https://www.osce.org/odihr/elections/kazakhstan/222541 немесе БАҚ талдаушысы Иван Годарскиге мынадай +7 7172 476 997 (Астанадағы офис) немесе +7 701 035 9940 (Астанадағы мобильді) телефондар немесе ivan.godarsky@odihr.kz. электронды пошта
немесе
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ баспасөз хатшысы Томас Римерге +48 609 522 266 ( Варшавадағы мобильді), немесе thomas.rymer@odihr.pl. электронды пошта арқылы хабарласа аласыз.