ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ-сы Қазақстандағы мерзімінен ерте өтетін парламенттік сайлауды бақылауда
АCTAHA, 13 желтоқсан 2011ж. – Бүгін ЕҚЫҰ-ның Демократия институттары және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) Қазақстан Республикасында каңтардың 15-і күні 2012ж. мерзімінен ерте парламенттік сайлауы өткізілетіне байланысты миссиясының ашылуын жариялады.
Миклош Харасти мырза басқаратын миссияны Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі шақырды. Ол Алматы мен Астанада жұмыс істейтін 15 сарапшыдан, сайлауға дейін бір ай қалғанда бүкіл елде таралатын 28 ұзақ мерзімдік бақылаушылардан құрылады.
Сонымен қатар ДИАҚБ сайлауға дейін біраз күн қалғанда, ЕҚЫҰ-ның қатысушы мемлекеттердің атынан 400 қысқа мерзімдік бақылаушылардың жіберулерін сұрайды. Олар сайлау участогінің ашылуын, сайлауын, дауыс санауын және мемлекет бойында жалпы нәтижелерін бақылайды.
Миссия сайлаудың өткізілуі ЕҚЫҰ принциптеріне және халықаралық демократиялық сайлауының үлгісіне сәйкестігін, сонымен қатар мемлекеттің заңнамасына сәйкестігін бағалайды. Бақылаушылар саяси үгіт жүрісін, сайлау заңнамасын және оның іс жүзінде қолданылуын, БАҚ жайында жағдайын, сайлау комиссияларының және басқа да маңызды мемлекеттік құрылымдарының жұмысын, сонымен қатар таластылық жағдайының туындалуы кезіндегі шешілу процесін мұқият зерттейді.
Сайлау күнi бақылау үшiн ДИАҚБ сайлауының бақылау миссиясы ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының делегациясы мен басқа да парламенттiк делегациялармен бірге өз талаптарын біріктіреді.
Мәлімдеме дауыс беру өткізілгеннен кейін келесі күні миссияның алдын ала жасалынған қорытындылары мен нәтижелерімен бірге жарияланады. Сайлау процесін бақылауы бойынша қорытынды есептеме миссияның жұмысы біткеннен кейін сегіз апта аралығына жуық уақыттан кейін дайын болады.
ДИАҚБ-ның сайлау бақылау миссиясы және Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы алынған мандаттарына сәйкес бір-бірінен тәуелсіз жұмыс атқарады.
Қосымша ақпарат алу үшін мына адамдармен хабарласыңыз:
Йенс Эшенбахер мырза, ЕҚЫҰ/ДИАҚ баспасөз хатшысы, тел.: +48 603 683 122 немесе электрондық поштасы: jens.eschenbaecher@odihr.pl