ЕҚЫҰ Қазақстанда шекара сақшыларын оқытады
Шекара қызметіндегі қызметкерлерге арналған құжаттарды қорғау мәселелері жөніндегі ұлттық тренинг 2013 жылғы 14 ақпанда Шымкент қаласында басталды.
Семинарды ЕҚЫҰ орталығы Орталық Азиядағы БОМCА бағдарламасы бойынша шекараларды басқару және Қазақстанның Шекара қызметінің қолдауымен ұйымдастырды.
Үш күндік тренинг кезінде қатысушылар құжаттарды қорғаудың, жалған құжаттарды анықтаудың негізгі ерекшеліктерімен танысады. Грузиядан, Словакия Республикасынан және Австриядан келген сарапшылар шекараларды халықаралық басқару және олардың қауіпсіздігі жөніндегі тәжірибелерімен бөліседі.
Семинар Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Қазақстанда шекара қауіпсіздігінің тұжырымдамасын алға жылжыту жөніндегі қызметінің бір бөлігі болып табылады. Осыған ұқсас тренинг 2012 жылы Алматы қаласында өткізілген болатын.