Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстан Парламентінде адам саудасы туралы заңға түзетулер енгізу мәселесіне қатысуда
30 қаңтар күні Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Наталия Зарудная Парламенттің төменгі палатасында Мәжіліс отырысында адам саудасы туралы заңға түзетулер енгізу мәселесінің талқысына қатысты.
Қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу қажеттілігі жөнінде Ішкі істер министрлігі бастама білдірген болатын. Түзетулерді Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен құрылған жұмыс тобына кірген мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдардың өкілдері әзірледі.
Үкімет мүшелері алдында сөз сөйлеген Наталия Зарудная ханым өңірдегі ЕҚЫҰ тәжірибесінің ескерілуімен адам саудасымен жүргізілетін күресті арттыру үшін енгізілуі қарастырылып отырған түзетулердің маңыздылығын атап өтіп, адам саудасының құрбандарына заң көмегін берілуінің ескерілуімен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу мәселесін қарастыруды сұрады. Елші ЕҚЫҰ қазіргі Украина Төрағалығы 2013 жылдың басты басымдығы етіп белгілеген адам саудасына қарсы күрес мәселесі бойынша Орталықтың алға қойылған жоспарларымен парламентарийлермен бөлісті.