ЕҚЫҰ Қазақстан орын алып отырған еңбек көші-қонын басқаруда заманауи әдістерін дәріптеуде
Қарағанды, Қазақстан, 14 қараша 2012 – Көші-қон ағымын басқару тақырыбын мамандандырылған оқу орындарының оқу жоспарларына енгізу – бүгінгі Қарағандыда, Орталық Қазақстанда басталған жаттықтырушыларға арналған жаттығу курсының тақырыбы болып отыр.
Ішкі Істер Министрлігінің Қарағанды Академиясында өтетін және 40 жуық көші-қон саласындағы сарапшылар мен лекторларға арналған үш күндік курс Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, Ішкі істер министрлігі, Көші-қон жөніндегі Халықаралық Ұйымы және Шығыс Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша БҰҰ Әйелдер ұйымының іскерлесе отырып ұйымдастырылып отыр.
«Еңбек көші-қоны аймақ қауіпсіздігіне маңызды ықпал етеді. ЕҚЫҰ Орталығы ұлттық мүдделі тұлғалардың еңбек көші-қоны саласында заманауи саясатты дәріптеуге арналған талпыныстарын қолдап, жөнелтуші, сондай-ақ қабылдаушы елдер үшін де тиімді болатын шешімдердің табылуына көмек көрсетуге тырысады», деді өз сөзінде Елші Наталия Зарудная ханым, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы. «Көші-қонды басқару тақырыбын Ішкі Істер Министрлігінің білім беру жүйесіне және оқыту бағдарламаларын танымал халықаралық стандарттарымен үйлестіре отырып енгізу – ілгері басқан елеулі қадам».
Оқыту курсы көші-қонды басқаруда халықаралық хұқық негіздеріне сүйене отырып өткізілуде, сонымен қатар көші-қон мобильділігі, қозғалыс еркіндігі, мемлекет жауапкершіктері, босқын мәртебесін анықтау және көші-қон заңдары мен тәжірибелердің гендерлік жайттарымен байланысты мәселелерді талқылауға арналған.
Бұл іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының халықаралық қолданыстағы жақсы тәжірибелерін енгізу мен потенциял қалыптастыру арқылы көші-қонды кемел басқаруын қалыптастыру аясындағы әрекеттердің бір бөлігі болып табылады.
Іс шарадан кейін Елші Наталия Зарудная ханым әрі қарай іскерлесу мәселелерін талқылау мақсатымен Ішкі Істер Министрлігінің Қарағанды Академиясының жетекшісі, полиция полковнигі Жан Кенжетаевпен кездесті.