ЕҚЫҰ Орталығы Орталық Азиядағы шекара аралық су ресурстарын басқарудағы іскерлесу мәселелерін талқылауға қатысты
20 желтоқсан 2012 жыл Алматы қаласы, Қазақстанда, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының өкілдері Орталық Азияның елдері аумағымен ағып өтетін: Аспара, Исфара және Ұғам шекара аралық үш шағын өзен арналарындағы су ресурстарын біріктірілген басқару қағидаларын енгізу мақсатымен қырыққа жуық Орталық Азия су басқару органдарының лауазымды тұлғаларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында Елші Наталия Зарудная ханым, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы су ресурстарын басқару саласында аймақтық мәселелерді шешу барысындағы сұхбаттарға қолдау көрсету өте маңызды деп санайтындығын атап өтті. Ол қатысушыларға әріптестікті нығайтып, алдыңғы қатарлы тәжірибелерді жан жақты пайдалануға шақырды: «Орталық Азия елдері арасындағы етенелесуді нығайту және әрекеттерін үйлестіру шаралары суды басқару саласын реформалау және бүкіл аймақтың өміршең дамуы үшін қажет. Су тұтынуды және су сапасын өлшеуді екі жақты жоспарлау және ортақ көзқарас та саяси деңгейдегі әріптестікке өз пайдасын тигізе алады».
Кездесуді Орталық Азиядағы Аймақтық Экологиялық Орталығы (CAREC) және АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) ұйымдастырылып, Орталық Азиядағы шағын су бассейндеріне қатысты шекара аралық әріптестікті дамытудың құрамдас бөлігі болып табылады.