ЕҚЫҰ Қазақстанның саяси партиялар жүйесіне қолдау көрсетуде
Кеше, 2012 жылдың 6 желтоқсанында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы «Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қоры» ҮЕҰ бірлесіп, өткізді.
Дөңгелек үстелдің жұмысына саяси партиялардың, ғылыми-зерттеу институттарының және мемлекеттік органдардың 40-тан астам өкілі қатысып, жиын барысында ұйымдастырушылық, қаржылық аспектілері мен қоғаммен жұмыс жасауды қоса алғанда, Қазақстанның саяси жүйесіне қатысы бар бірқатар мәселелер талқыланды. Бұған қоса, қатысушылар шын мәнісінде тиімді партияаралық және партия ішілік диалогты дамыту үшін және конструктивтік қарым-қатынастың орнауына жәрдемдесу үшін нәтижелі әрекеттердің қажет екендігін талқылады.
Ұйымдастырылып отырған бұл жиын ЕҚЫҰ Орталығының Қазақстандағы саяси партиялардың жүйесін жетілдіру жобасын қорытындылайды. Бұған қоса, қыркүйек айында саяси партиялар өкілдері үшін Польшаға таныстыру сапары ұйымдастырылып, қараша айында екі семинар өткізілген болатын.