Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын реформалау бойынша кездесу өткізді
АСТАНА, 29 қараша 2012 ж. - Бүгін Астана қаласында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен адам құқықтарын қорғау мәселесіндегі әкімшілік құқық пен заңдылықтың орны туралы сараптау конференциясы өтті.
Осы шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен Сорос-Қазақстан қорымен бірлесіп ұйымдастырды. Конференция Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа редакциясын әзірлеу және Қазақстан Республикасында әкімшілік соттар жүйесін құру тұсында жүргізілді.
Осы шара аясында мемлекеттік орган өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, құқықтанушылар, оқытушылар мен адам құқықтарын қорғау жөніндегі белсенділер Германия, Ресей және Украина елдерінің халықаралық сарапшыларымен Қазақстан Республикасында әкімшілік әділет жүйесін құру келешегін, сондай-ақ әділ сотқа деген құқықты қоса алғанда, азаматтардың әкімшілік әділет саласындағы негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау бойынша халықаралық стандарттарды нәтижелі қолдану мәселесі талқылады. Бұған қоса, сарапшылар жеке тұлғаның құқықтарын бұзатын әкімшілік шешімдерді даулау тәжірибесімен бөлісіп, жиынмен бірлестіктердің бостандығы, дін таңдау бостандығы мен сөз бостандығы саласындағы әкімшілік заңнаманы талқылады.
«Құқық үстемдігі азаматтарға әкімшілік шешімдерді нәтижелі даулауға және мемлекеттік органдарды адам құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін әкімшілік әділеттің функционалдық жүйесі болғанда ғана сақтала алады»,- деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Наталия Зарудная. «Қазақстанның өзінің әкімшілік әділет жүйесінің реформалау мүмкіндігін қарастырып отырғаны, өте позитивті факті. Біз осы бастамаларда үкімет пен азаматтық қоғамға қолдау көрсетуге дайынбыз».
Құқықтық саясатты зерттеу орталығы директорының орынбасары Татьяна Зинович: «Адам құқықтарындағы көптеген бұзушылықтарға әкімшілік дауларды әділ әрі ашық түрде шешу арқылы жол бермеуге болады» - деді. Бұл шара барлық қатысушыларға әкімшілік әділеттің әділдік, соттардың мамандандырылуы және тиімділік сияқты артықшылықтарын конференция барысында назарға ұсынылған үлгілер түрінде көре алады. Мұндай жүйенің Қазақстан Республикасында орнатылуы елде адам құқықтарының қорғалуын жақсартуға көмектесер еді».