ЕҚЫҰ Орталығы Халықаралық Адам құқықтары күніне арнап, Астана қаласында конференцияны және Алматы қаласында студенттік іс-шараның өткізілуіне қолдау көрсетуде
2012 жылдың 10 желтоқсанында Астана қаласында Халықаралық Адам құқықтары күні құрметіне ұйымдастырылған дөңгелек үстел аясында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және елшіліктердің өкілдері Қазақстандағы ұлттық құқық қорғау механизмдерінің дамуын, олардың атқаратын жұмыстарының тиімділігін және халықаралық институттармен үйлестірілу мәселелерін талқылады.
Іс-шара ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің, Британия Елшілігінің және БҰҰ дамыту бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Өзінің құттықтау сөзінде Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Наталья Зарудная: «Адам құқықтары саласындағы халықаралық институттармен, үкіметтермен, тәуелсіз ұлттық құқық қорғау институттарымен арадағы тығыз ынтымақтастықта, бостандық пен адам құқықтарының дамытылуына аса маңызды болатын азаматтық қоғаммен арадағы ынтымақтастық адам құқықтары саласындағы өзекті мәселелерді тиімдірек шешуге септігін тигізген болар еді» - деді.
Дәл сол күні Астандағы ЕҚЫҰ Орталығы Алматы қ. университеттерінің заң факультеттерінің 70 жуық студенттері қатысқан студенттік конференцияның өткізілуіне қолдау көрсетті. Конференция барысында студенттер Қазақстандағы әртүрлі деңгейдегі құқық қорғау механизмдерін дамыту тәсілдерін талқылады. Аталмыш іс-шара ЕҚЫҰ Орталығының үкіметтік емес ұйымдармен, университеттермен, мемлекеттік мекемелермен бірлесіп орындалатын адам құқықтары саласындағы білім беру бастамаларына қолдау көрсетуі аясында Каспий қоғамдық университетімен серіктестікте ұйымдастырылған болатын.