ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанда жүргізілетін қоғамдық жұмыстардың ашық болуына қолдау көрсетеді
Оңтүстік Қазақстандағы: Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында 2012 жылдың 12 қарашасынан бастап, бір апта аралығында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысы мен жергілікті және аймақтық Ашықтық пен Тұрақты Даму жөніндегі Сараптама Кеңестерін (АТДСК) құру және олардың жұмысына арналған үш бірдей семинар өткізілді.
Іс-шаралар Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығын мен жергілікті әкімшіліктердің қолдауымен Қазақстан Республикасының Көлік және Коммуникациялар министрлігімен, құрылыс компанияларымен және Азаматтық Құрылтай үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылды.
2012 жылдың 16 қарашада Қызыл Орда қаласында өткізілген іс-шарада Ұлттық АТДСК хатшылығының жетекшісі Юрий Криводанов: «Біз бастама аясында халық пен компания қызметкерлерінің құрылыс жобасы жөніндегі пікірлерін, тәжірибесін мен күтетін нәтижелерін білу үшін құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 55 қала мен үш облыс ауылдарының халқы мен компания қызметкерлері арасында сауалнама жүргізген болатынбыз. Сауалнама қорытындысы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының тигізер салдарына толықтай баға беруге көмектесетін болады деген ойдамыз»,- деді өз мәлімдемесінде.
ЕҚЫҰ Орталығы ашықтықтың кең таралуына, есептіліктің дұрыс берілуіне, жақсы корпоративтік басқарудың пайда болуына және қоғам тарапынан Қазақстанда жүзеге асырылып отырған құрылыс жобаларының орындалуын бақылау жұмыстарына кеңінен қатысуын ынталандыратын АТДСК құрылуын қолдайды.