Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Атырау облысымен арадағы ынтымақтастығын нығайтуда
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, Елші Наталия Зарудная 2012 жылдың 6 желтоқсанында Батыс Қазақстандағы Атырау облысына жұмыс сапарын аяқтады. Сапар барысында Наталья Зарудная облыс әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетовпен, қоғам өкілдерімен кездесулер өткізіп, орындалып жатқан жобалардың барысын талқылады, жергілікті серіктестердің сұраныстары мен басымдықтарына сай болашақ ынтымақтастықтың аясын қысқаша баяндап берді. Кездесу кезінде талқыланған негізгі тақырыптар Орхус Конвенциясы, кен өндіруші өнеркәсіптер ашықтығына қолдау көрсету, орнықты даму, жасыл экономикаға көшу және теңіз ортасын қорғау мәселелеріне қатысты болды. Бұдан басқа, адам саудасына жол бермеу, демократиялық саясатты дамыту, адами ресурстары көші-қонын басқару және журналисттерді оқыту мәселелері талқыланды.
Зарудная ханым сапар барысында Орхус орталығының стратегиясы мен Каспий теңізінің қоршаған ортасының қорғалуының нығайтылуы мен қоғамның экологиялық басқару мен сот әділдігіне қатысуын арттыруды көздейтін 2013 жылға арналған іс-қимылдар талқыланған Жайық-Каспий Орхус Орталығы кеңесінің отырысына қатысты. Мұндай мәселелерді қарастыратын, 2009 жылы құрылған Жайық-Каспий Орхус Орталығы Қазақстандағы тұңғыш орталық.
«Орхус Конвенциясының кезең-кезеңімен әрі нәтижелі орындалуы елдің демократия жолындағы маңызды құрамдас бөлігі бола тұрып, қоршаған ортаның қорғалуын алға тартылуында негізгі рөлге ие болып отыр», - деді Наталия Зарудная ханым.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің атқарушы хатшысы Анатолий Дерновой өз сөзінде былай деген болатын: «Үкіметтік емес ұйымдар қоғам атынан бастамаларды алға тарту, әлеуметтік қатынастар мен туындайтын проблемаларды бақылау арқылы ұлттық саясаттың қалыптасуына оң серпінін тигізіп келеді. Мұндай құрылымдар, тез және оңай түрде қайта топтасып, қоғам талаптарына қарай шұғыл әрекет қолданып, сан алуан мәселелердің шешім табуын қамтамасыз етеді».
Бұдан басқа, Наталия Зарудная ханым облыс аумағына сапары барысында Атырау Мұнай және газ институты мен Атырау мемлекеттік университеттеріне барып, ЕҚЫҰ Орталығы жүргізіп отырған қызмет салалалары жөнінде дәріс оқыды, аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтудағы жастардың рөлі туралы айтып өтті.