Қазақстанның саяси партияларының жүйесі ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған семинар тақырыбына арқау болды
АСТАНА, 2012 жылдың 26 қарашасы – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстандағы партия жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі семинар өз жұмысын бастады.
Осы аптада Қазақстанның екі ірі қалалары – Астана және Алматы қалаларында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен Қазақстанның партиялық жүйесін жетілдіру бойынша екі семинар өтеді. Саяси партиялардың өкілдері партиялық құрылыстың ұйымдастырушылық және қаржылық аспектілерімен қоса, қазақстандық партиялық жүйеге байланысты бірқатар мәселелерді, сондай-ақ қоғаммен байланыс мәселелерін талқылайды.
«Қазақстандағы партиялық жүйенің әрі қарай дамуы азаматтық қоғамның өсуіне және демократиялық қағидалардың нығаюына ықпал етеді», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Наталья Зарудная. «Күшті, тәуелсіз және саулаушыларға бағынышты саяси партиялар қоғамның тұрақты және тиімді басқаруын қамтамасыз етеді. Партиялар сонымен қатар идеялар бәсекелестігі мен көпшілік талқылауларды жүргізу арқылы азаматтардың саяси өмірге тартылуы мен тиімді өкілдігіне ықпал ете алады».
Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту Қоғамдық Қорының Президенті Зәуреш Баталова былай деді: «Азаматтар өздері сайлайтын өкілдері арқылы мемлекеттік басқару құқығын жүзеге асырады. Сондықтан барлық азаматтар үшін өкілдік парламентке және күшті, бәсекелестік қабілетті саяси партиялардың болуы өте маңызды».
Биылғы жылдың қыркүйек айында «Қазақстанда Парламентаризмді дамыту қоры» ҮЕҰ мен ЕҚЫҰ /ДИАҚАБ (Варшава) қызметтестікте жүзеге асырылатын жоба аясында саяси партиялар өкілдері үшін Польшаға таныстыру сапары ұйымдастырылды.