ЕҚЫҰ Қазақстан шенеуніктерін ақшалай қаражаттардың жылыстауына және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күреске үйретеді
2012 жылғы 4 желтоқсан – Бүгін Астана қаласында ақшалай қаражаттардың жылыстауы мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күреске арналған халықаралық механизмдер мен құралдары бойынша Қазақстанның мемелекеттік қызметкерлеріне арналған үш күндік оқыту курстары өз жұмысын бастады.
Аталмыш оқиға Қаржы полициясы мен оның Академиясы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг жөніндегі Комитеті және заңсыз активтердің жылыстауымен күрес жөніндегі сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ Жоғарғы Сот, Астана, Ақмола және Қарағанды аймақтық соттар, мамандандырылған аудан аралық қылмыстық сот, Бас Прокуратура, Ұлттық Банк және коммерциялық банк тарапынан 70 жуық өкілдерінің басын біріктірді. Семинарды Америка Құрама Штаттары, Украина мен Ұлыбритания Біріккен Корольдығы сарапшылары жүргізді.
Қатысушыларға арнап сөз сөйлеген Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы, Елші Наталия Зарудная ханым былай деді: «Заңнамалық органдардың және ұлттық қаржылық барлау органдарының, банктердің, қаржылық полиция, мемлекеттік айыптау, сот және заңсыз жолмен жиналған мүлікті заңдастыруға қарсы күрестегі сот және азаматтық қоғам мүшелерінің күштерін біріктіруі елдің жарқын және тұрақты экономикалық болашағын қамтамасыз етуге септігін тигізетін тиісті басқарудың алғышарты болып табылады».
«Бүгінгі семинар банк секторының ақшалай қаражаттардың жылыстауына жол бермеудегі рөлін айқындауға көмектеседі, сондай-ақ осы саладағы әртүрлі органдарының өзара әрекеттестігіне ықпал етеді» деді Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары генерал Андрей Лукин.
Бұл курстар қазақстандық билік органдарының еркеше қажеттіліктеріне бейімделген және қаржылық тексерудің әдістері мен банк секторындағы соңғы жетістіктер мен сәтті тәжірибелеріне негізделген.
Аталмыш курстар Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен, Қазақстанның Қаржы полициясымен және Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің құқық қорғау органдары мен халықаралық есірткі істері жөніндегі Бюросымен бірлесіп ұйымдастырылған.
Бұл іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы отандық және халықаралық әріптестерімен бірлесіп ұйымдастырлып, ақшалай қаражаттардың жылыстауына қарсы, лаңкестікті қаржыландыру және жемқорлықпен күрес, лайықты басқару жөніндегі оқыту курстары мен семинарлар сериясын қамтып отыр.