Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы ақшалай қаражаттардың жылыстауына қарсы әрекет ету бойынша семинарды жүргізеді
2012 жылғы 22 қараша, АСТАНА – Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы бүгін Астана қаласында жүргізілген ақшалай қаражаттардың жылыстауымен күрес жөніндегі семинарды қолдады. Бас Прокуратураның барлық аймақтық бөлімдеріне өкілдік ететін қатысушылар семинарға бейне байланыс арқылы қатысты.
Бұл іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, Қазақстандағы АҚШ Елшігі және Бас Прокуратураның Институтының бірлесе отырып бүкіл ел бойынша прокуратураның орталық және аймақтық органдарының қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.
Отандық және халықаралық сарапшылар Қазақстанның әртүрлі аймақтарының мемлекеттік билік органдарының 150 астам өкілдерімен ақшалай қаражаттардың жылыстауымен күресу кезінде, қылмыстық сот ісін жүргізу кезінде және банк саласындағы қылмыстардың алдын алу барысында прокуратура органдарының рөлі жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті.
«Прокурорлардың заңнамалық орган мүшелерімен, ұлттық қаржылық барлау органдарымен, банктермен, қаржы полициясымен, соттармен және жалпы қоғаммен бірлесіп заңсыз жолмен алынған мүлікті заңдастыруға қарсы әрекет етудің кешенді тәсілі бүкіл елдің жарқын әрі тұрақты экономикалық болашағы мен тиісті басқару үшін алғышарт болып табылады» - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының экономика және қоршаған орта бөлімінің жетекшісі, Александр Пейчев.
«Есірткі саудагерлері лаңкестік және экстремистік ұйымдарды қаржыландыру үшін пайдаланылатын, мүліктерін заңдастыру үшін барлық мүмкін қалтарыстарын қолданады» - деді Қазақстан Республикасының Бас прокуратура Институтының Басшысының орынбасары, Шәкір Шаяхметов.
Аталмыш семинар Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының ақшалай қаражаттардың жылыстауымен және лаңкестікті қаржыландырумен күрес үшін қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тиісті тәжірибені енгізілуіне жәрдемдесу, кәсіби біліктілікті қамтамасыз етіп, елдің жемқорлыққа қарсы конституциялық және құқықтық негізін күшейту талпыныстарының бір бөлігі болып табылады.