ЕҚЫҰ қазақстандық халықаралық сайлау бақылаушыларын оқытуға ықпал етеді
2012 жылғы 29 қарашада Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы мен ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының өкілдері Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен ұйымдастырылған, халықаралық сайлау бақылаушыларының құқықтары және міндеттері мәселесіне арналған семинар аясында талқылады.
Семинар жұмысына халықаралық бақылаушы ретінде жұмыс тәжірибесі бар немесе болашақта осы салада жұмыс жасағысы келетін үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың 35 астам қатысушылары қатысты. Семинардың мақсаты қатысушыларды сайлау барысында тиімді бақылау үшін қажетті машықтармен, біліммен таныстыру болып табылады. Қатысушылар халықаралық сайлау бақылаушыларын құқықтары мен міндеттерін реттемелеуші халықаралық және ұлттық құқықтық нормалармен, сондай-ақ осы жылы сайлауда бақылау миссияларына қатысқан отандастарының тәжірибесімен танысты.
Осы шараға қатысу, Астанадығы ЕҚЫҰ Орталығының халықаралық сайлау бақылаушыларын оқыту бойынша ұлттық семинарға қосқан үлесінің бір бөлігі болып табылады. Дәл осындай семинарлар Қазақстан азаматтары үшін 2006 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.