ЕҚЫҰ қолдау көрсететін ЕНВСЕК бастамалары аясында Орталық Азиядағы қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалармен қол жеткізілген жетістіктер талқылануда
Алматы, Қазақстан. 2012 жылдың 8 қарашасында аймақтағы ағымдағы жобалар мен болашақ жоспарлар талқыланған «Қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік» (ЕНВСЕК) бастамасының аймақтық координациялық жиыны өз жұмысын аяқтады.
Қатысушылар Орталық Азияға арналған ЕНВСЕК 2009-2012 жж. арналған Бағдарламасының орындалу барысын, соның ішінде климаттың өзгеру мәселесін, уран қалдықтарының пайдаланылуын және су ресурстарының шекара аралық контекстте басқарылуын талқылады. Жиын сессияларының бірі қоршаған ортаны қорғау және аймақтағы қауіпсіздік мәселесін шешудегі Орхусс орталықтарының орнына арналды.
ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызмет үйлестірушісі офисінің кеңесшісі Эсра Бутанри: «Орхусс орталықтары ЕНВСЕК жергілікті бұқарамен байланыс орнату үшін әсіресе, бұл аса қажетті болатын жерлерде тиісті қаражатпен қамтамасыз етіп отыр. Орхусс орталықтарының халықтың экологиялық мәселелер жөнінде хабардар болуын арттырудағы және тиісті ақпараттың таратылуына және экология мәселелері бойынша заң кеңестерінің ұсынылуына ықпалдасудағы орны қоғамдастықтардағы қызметін кеңейтуге ғана емес, ЕНВСЕК жергілікті деңгейде қатысуына және деректер қорының өсуіне септігін тигізеді».
Кешті бастамашы болған ЕҚЫҰ, Еуропа бойынша БҰҰ Экономикалық комиссия, БҰҰ қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы, Орталық және Шығыс Еуропа және НАТО бойынша Аймақтық экологиялық орталық сияқты серіктестермен ынтымақтаса отырып, Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) ұйымдастырды. Іс-шараға халықаралық ұйымдардың, донорлардың, мемлекеттік органдардың және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінің азаматтық қоғамдарының 60 жуық өкілі қатысты.
ЕНВСЕК бастамасы аясында қоршаған ортаны қорғау мәселелері мен Шығыс Еуропадағы, Оңтүстік Шығыс Еуропадағы, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы қауіпсіздік проблемалары қарастырылатын бірлескен бағдарлама болып табылады. Аталмыш бағдарламаның мақсаты – қажетті сараптау жүргізу қызметі мен тиісті ресурстар ұсыну арқылы мемлекеттердің ынтымақтасуы жолымен ортақ тәуекелдерді шешу.