ЕҚЫҰ Орталық Азияда су ресурстарының тиімді басқарылуына ықпалдасады
АЛМАТЫ, Қазақстан, 9 қараша 2012 ж. – Орталық Азиядағы су ресурстарын бірігіп басқару саласында тәжірибе алмасу бүгін Алматы қ. ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған семинардың басты назарында болды.
Семинардың жұмысына Орталық Азиядағы су ресурстарын басқаруға тартылған ведомствалардың, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдар мен ғылым саласының 60 жуық өкілдері қатысты. Қатысушылар су ресурстарын басқарудың құқықтық және практикалық қырларын, су көздерінің ел аймақтарында пайдаланылу жайын талқылады. Бұған қоса олар мемлекеттік органдар мен ортақ шекаралық су ресурстары бар елдердегі азаматтық қоғаммен бұдан да тығыз ынтымақтасудың жолдарын ұсынып, ұсыныстар әзірледі.
«Су ресурстарын бірігіп басқару бұқараның табиғатты қорғау қызметіне және аймақтағы экологиялық қауіпсіздікті күшейтуге қатысуын арттыруға септігін тигізетін, орнықты дамудың заманауи талаптарына сай келетін сала аралық саясат құралы болып табылады» - деді ЕҚЫҰ Астана қ. Орталығының басшысының орынбасары Жаннет Клетцер.
Іс-шараны ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызмет үйлестірушісі офисінің, ЕҚЫҰ Душанбе мен Астана қалаларындағы миссиясының координаторының қолдауымен Қазақстан-Неміс Университеті, БҰҰ Еуропа үшін Экономикалық комиссиясы, БҰҰ Даму бағдарламасы және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы ұйымдастырды.
Семинар шекара аралық диалог пен су ресурстарын тиімді басқару мәселелерін алға қоятын ЕҚЫҰ 2003 ж. Маастрихттік стратегиясына сәйкес ұйымдастырылды.