ЕҚЫҰ жетілдірілген кеден рәсімдеріне қол жеткізу арқылы сауданы жандануына қолдау көрсетуде
АСТАНА, 2 Қараша 2012 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен Кедендік Одақ аясында Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында кеден рәсімдерін үйлестіру тақырыбына арналған оқу курсы өтті.
Екі күндік іс шара Астандағы ЕҚЫҰ Орталығының Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі жанындағы Кедендік бақылау комитетімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Аймақтаық кеден мекемелерінен 60 шақты мемелекеттік қызметкерді жинаған семинар, халықаралық сауда мен транзитке демеу көрсетуге жіті көңіл бөлетін кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу барысындағы жетілдірілген кедендік рәсімдеріне нұсқаулармен қамтамасыз етуді мақсат етіп алған еді.
«ЕҚЫҰ Қазақстан мен бүкіл аймақта сауданы жандануына ат салысып, жетілдірілген кеден рәсімдеріне қолдау көрсету үшін белсенді жұмыс жасауда» деді Астандағы ЕҚЫҰ Орталығының экономика және экология Бөлімінің басшысы Александр Пейчев мырза. «Семинар үш мемелкет арасындағы рәсімдері мен тәртіптерін Дүниежүзілік Кеден Ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкестендіруіне септіктігін тигізеді деген ойдамыз».
«Сыртқы экономикалық әрекеттердің бірыңғай тауарлық номенклатурасы және де Кедендік Одақтың біріңғай кедендік тарифі сыртқы экономикалық әрекеттердің барлық қатысушыларына, кедендік және де басқа органдар үшін басты құжат болып табылады. Тауарлардың дұрыс классификациясы сыртқы экономикалық әрекеттер қатысушыларының тарифтік және тарифтік емес шараларын қолдануы үшін қажет.» деді ҚР ҚМ ҚБК Кедендік кірістер басқармасының басшысы Руслан Қыстаубаев.
Осы семинар Астандағы ЕҚЫҰ Орталығының шекараны өту барысындағы кемелденген басқаруды ілгерілету мен халықаралық сауда, транзит және көлік мәселерінде қолдау көресетуге арналған іс шараларының бір бөлігі болып табылады.