ЕҚЫҰ ОРТАЛЫҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ЖҮЙЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАНЫСТЫРУ САПАРЫН ЖҮРГІЗУДІ ҚОЛДАДЫ
Қазақстанның саяси партияларының, сондай-ақ азаматтық қоғам мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерінен құралған он екі адамнан тұратын топ Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ұйымдастырылған Варшавадағы 2012 жылдың 14 қыркүйегінде аяқталған Польшадағы бес күндік таныстыру сапарына қатысты.
Сапар қатысушылары саяси партиялар жүйесімен және осы елдің демократиялық институттарының даму тәжірибесімен танысу мақсатында Польшалық саяси партиялардың, Парламенттің, Президент әкімшілігінің, Үкіметтің өкілдерімен және сарапшыларымен кездесті. Сонымен қоса, олар партия ішіндегі демократия және саяси партияларды қаржыландыруға қатысты мәселелерді талқылады.
Сапар барысында топ Варшавадағы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюроға (ДИАҚБ) кездесті, мұнда ақпараттанған және белсенді электоратты қамтамасыз етудегі плюралистік қоғамның негізін қалаушы элементтің алғышарты болып табылатын саяси партиялардың рөлдерін, сондай-ақ көп партиялы жүйенің дамуын талқылады.
Танысу сапары Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы қолдауымен және «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ мен ЕҚЫҰ/ДИАҚАБ әріптестікте жүргізілетін Қазақстанның саяси партиялары жүйесін күшейту жөніндегі жобаның бір бөлігі болып табылады. Жоба сонымен қатар, саяси партиялардың қызметін зерттеуді, оқыту семинарларын жүргізуді, сондай-ақ дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруды көздейді.