ЕҚЫҰ орталығы Қазақстанда сауда мен көліктің дамуына қолдау көрсетіп келеді
2012 жылдың 13 және 14 қыркүйек күндері - Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының қатысуымен халықаралық сауданы дамыту мәселесіне арналған жоғары деңгейдегі екі күндік кездесу Алматы каласында өтті. Кездесу нашар дамымаған елдер, ашық теңізге шыға алмайтын дамушы елдер мен шағын дамушы арал мемлекеттер аясында ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі мен БҰҰ-ның Жоғары өкілі Кеңсесінің ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шараға сауда және көлік мәселесімен айналысатын ұлттық ведомствалардың өкілдері, жергілікті және халықаралық сарапшылар, бизнес-қауымдастық пен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Конференцияда 2003 жылы қабылданған Алматы іс-қимылдар бағдарламасын іске асыру аясында халықаралық сауда мен көлікті дамыту саласында қол жеткізілген табыстар қарастырылды және келесі іс-қимылдардың міндеттері мен басымдықтары айқындалды. Конференция барысында әзірленген ұсынымдар Алматы іс-қимылдар бағдарламасының орындалуы бойынша Он жылдық-Шолу Конференцияның қорытынды құжатында 2014 жылы қаралынатын болады.
«Соңғы бірнеше жылдарда сауда мен көлік процедураларын әсіресе, Орталық Азия аумағында жеңілдету мәселесі БҰҰ-ның күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің біріне айналған. Өйткені аймақтағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етудің маңызды бөлшегі болып табылады» - деп атап өтті Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы жетекшісінің орынбасары Жаннет Клетцер.
Клетцер ханым сондай-ақ ЕҚЫҰ – БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссия аясында әзірлеген «Шекарадан өту саласындағы оңтайлы тәжірибе: сауда мен көліктің перспективалары» нұсқаулығы жөнінде баяндады. Нұсқаулықта көлікті, шекараны және кедендік саясатты жандандыру жөнінде тәжірибе жүзіндегі мысалдары мен ұсынымдары жарияланған.