ЕҚЫҰ Орталық Азия студенттерін аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін біріктіруде
АЛМАТЫ, Қазақстан, 2012 жылғы 6 қыркүйек – ЕҚЫҰ ұйымдастырған Орталық Азия Жастар Желісі экономикалық және экологиялық, аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Үш күндік шараға барлық Орталық Азия елдерінің 50-ге жуық студенті мен академиялық ортадан, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардан оннан астам спикерлері қатысты.
Өткен жылғыдай, Желіске қатысушылардың барлығы жазбаша эссе нәтижелері бойынша, байқау негізінде іріктелді.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Наталья Зарудна өзінің сөзінде былай деді: «Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің ғаламдық қауіпін талқылау мәселелері мемлекеттік қызметтегі қызметерлермен шектелмеуі керек, бұл мәселелер қоғамның барлық топтарын қамтуы тиіс деген пікірді ұстанады. Жастарды дамытуға күш сала отырып, біз өзара сенімді ынталандыру арқылы аймақтың дамуына ықпал етеміз».
«Менің былтырғы Орталық Азия Жастар Желіске қатысу тәжірибем Мәскеудегі жұмысыма өз пайдасын тигізді. Сонымен қатар мен жұмыс жасап жүрген ұйымның білім беру бағдарламасына интерактивті ойындарды енгізуге ынталандырды. Меніңше, Орталық Азия студенттер желісі дамып, Орталық Азияның аймақтық мәселелерін талқылауға арналған студенттердің тұрақты форумына айналуына тілектеспін. Орталық Азия жастарына мұндай мүмкіндіктің берілуі тамаша» - деді лекторлардың бірі, Мәскеу, РСЗ орталығының білім беру және тренинг бағдарламаларының директоры Альберт Зульхарнеев.
Осы кездесудің үшінші күні іс-әрекет күніне айналды.. Таңертең студенттер ұлттық тау паркін бірнеше жергілікті ұйымдардың белсенділерімен бірігіп, қоқыс қалдықтарынан тазартты және түстен кейін жергілікті тұрғындармен қоқысты қайта өңдеудің пайдасы туралы әңгімелесті.
Бұл семинар ЕҚЫҰ осындай қауіптерге әрекет ету рөлі мен қауіпсіздіктің заманауи қауіп-қатерлері туралы жастардың өзара түсіністігін күшейту аясында ЕҚЫҰ қызметінің бір бөлігі болып табылады. Семинар Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы мен ЕҚЫҰ-ның аймақтағы далалық миссиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Орталық Азия жастар желісінің алдыңғы семинарлары 2004 жылы Өзбекстанда, Чарвакте, 2005 жылы Қырғызстанда Ыстықкөлде және 2009, 2010 және 2011 жылдары Қазақстан, Алматы қаласында өтті.