ЕҚЫҰ орталығы Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдау үдерісіне азаматтық қоғамның қатысуына атсалысады
АЛМАТЫ, Қазақстан, 27 тамыз 2012 ж. – Үкіметтік емес ұйымдардың экологиялық форумы (ЭкоФорум) бастама болған және Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы қолдау көрсеткен экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша екі күндік конференция бүгін Алматы қаласында аяқталды.
Іс-шара БҰҰ даму бағдарламасымен, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығымен бірлесе отырып, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.
ЭкоФорумның жыл сайынғы ассамблеясына 80 ұлттық үкіметтік емес ұйымдарды біріктіретін ірі экологиялық желінің 70 астам өкілдері қатысты. Ұлттық және халықаралық сарапшылар тәжірибе және алдыңғы қатарлы практикамен алмасты, жасыл экономиканы дамыту, төмен көміртекті даму, энергияның қалпына келетін көздерін пайдалану және су ресурстарын тиімді басқару арқылы экологиялық проблемаларды шешудегі азаматтық қоғамның рөлін талқылады. Қатысушылар сонымен қатар Өндіруші салалардың айқындылығы бастамаларын, Орхусс конвенциясын, Лақтырындыларды және ластаушыларды ауыстыру регистрлері туралы Хаттаманы жүзеге асыру секілді қолданыстағы бастамаларды, сонымен қатар ұлттық Орхус орталықтарының қызметін қарастырды.
«Экологиялық проблемаларды тиімді шешу үшін қоғамдық ұйымдардың қатысуы қажет, олар байланыс арналарының кең спектрі арқылы жергілікті қауымдастықтарға қоғамдық пікірдің ықпалын күшейтуі және үкіметпен және жеке сектормен сұхбатты қолдауы тиіс», - деп атап өтті өзінің сөйлеген сөзінде Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер. «ЕҚЫҰ орталығы мүшелеріне, үкіметтік емес ұйымдарға үкіметпен және жергілікті билік органдарымен ынтымақтасуға қатысты болатын мәселелерде ортақ тіл табуда және консенсустық қатынастарды анықтауда ЭкоФорумның қызметін қолдайды».
Кездесуге қатысқан үкіметтік емес ұйымдардың қорытынды құжатында тұрақты даму «қазіргі және келешек ұрпақ үшін жарқын болашақты қамтамасыз ету мақсатында бірлесе жұмыс істейтін адамдар, үкіметтер, азаматтық қоғам және жеке сектор арасындағы альянста ғана қол жеткізілуі мүмкін» екендігі көрсетілді.
«Тұрақты ұзақ мерзімді өсім үшін экологиялық таза экономиканың маңыздылығына қатысты Президент Назарбаевтың жолдауына орай, министрлік әлдеқайда «жасыл» экономиканы жылжыту үшін көбірек күш салатын болады. Біз қоғамдық ұйымдардың министрліктің осы бастамасын қолдайтындығын жоғары бағалаймыз», - деді Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі Руслан Бөлтіріков. «Стратегиялық міндеттерге қол жеткізуде қоғамдастықтың және әсіресе әрбір азаматтың атсалысуы саяси шараларды жүзеге асыру үшін қажетті болып табылады».
«Бүгін өткізіліп отырған шара экологиялық мәселелерді шешуде қоғамдық ұйымдардың әлеуетін күшейтуде, сонымен қатар ЭкоФорумның ішінде, сонымен қатар басқа әріптестермен ынтымақтасуды алға жылжытуда маңызды мәнге ие. Біз кездесудің нәтижелері Қазақстанда экологиялық желіні нығайтуға көмектесетіндігіне сенеміз», - деді ЭкоФорумның Төрағасы Светлана Могилюк.
Бұл кездесу Қазақстандағы ЕҚЫҰ Орталығының тұрақты дамуға және экологиялық демократияға жол салуға бағытталған ұзақ мерзімді қызметінің бір бөлігі болып табылады.