ЕҚЫҰ Қазақстанда адам құқығы жөніндегі БҰҰ ұсынымдарын талқылауға қолдау көрсетуде
АСТАНА, 22 мамыр 2012 ж. – Бүгін ЕҚЫҰ қолдауымен Астанада өткен кездесу барысында билік өкілдері, ұлттық және халықаралық мамандар, адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелер, ғылыми және азаматтық қоғам өкілдері БҰҰ-ның адам құқығы аясындағы ұсынымдарын іске асыру шараларын талқылады.
100 аса қатысушылар жиналған дөңгелек үстелдің басты мақсаты БҰҰ Адам құқығы комитетінің Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт бойынша Қазақстанға қатысты 2011 жылдың шілдесінде шығарған ұсынымдарын пысықтау болды.
Кездесуде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің мүшелері ұсынымдар жөнінде тарқатып айтып берді. Қатысушылар БҰҰ ұсынымдарын жүзеге асыру механизмдерін қарастырып, адам құқықтары көрсеткіштері және сот тәуелсіздігі мен Қазақстандағы адам құқықтары институттары мәселелерін талқылады. Сонымен қатар қылмыстық әділсот атқаруда адам құқықтарын қамтамасыз ету және азаматтық құқықтар мен бостандықтарды алға бастыру мәселелері де қамтылды.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Наталия Зарудна: «ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің адам құқығы тұрғысындағы саяси міндеттемелері, басты халықаралық құжаттардың баптарын қуаттай отырып, сол арқылы халықаралық, соның ішінде БҰҰ орнатқан, адам құқықтары механизмдерін нығайтады».
«ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанға сараптамалық кеңес беру, тәжірибе алмасуға және халықаралық институттармен ынтымақтастық орнатуға жәрдемдесу арқылы халықаралық міндеттемелерін орындауына қолдау көрсетуге дайын», - деді Зарудна ханым.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мадина Жарбосынова: «Қазақстан адам құқықтары жөніндегі басты халықаралық құжаттарды ратификациялады. Сол құжаттардың іске асуын жақсарту үшін біз озық тәжірибелерді үйреніп, түрлі ұйымдармен және азаматтық қоғаммен қызмет істеуіміз қажет. Бүгінгі кездесу сол іске асыру тәжірибесін ілгерілетуге сөзсіз септігін тигізеді», - деп қосты.
Талқылауды қорытындылай келе, қатысушылар Қазақстанның халықаралық талаптарға сәйкестігіне ықпалдасатын бірқатар ұсынымдар дайындады.
Бұл басқосуды бей-үкіметтік «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы», Адам құқығы мен заң үстемдігі жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросы, Медианет үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырды. Іс-шара Еуропалық одақ жобасы шеңберінде Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшесі, Фридом Хаус Қазақстан және Норвегиялық Хельсинки комитеті қолдауымен өткізілді.