ЕҚЫҰ орталығы Қазақстан Республикасында ірі инфрақұрылымды жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін сараптама кеңестерін құруды қолдайды
АСТАНА, 13 шілде 2012 ж. – Бүгін мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық қаржы институттарының, банктер мен бизнестің 40 жуық өкілі Ашықтық пен орнықты даму жөніндегі ұлттық сараптық кеңесінің алғашқы отырысында бас қосты.
Іс-шара ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының Қазақстанның оңтүстігіндегі Қызылорда мен Жамбыл облыстарында Ашықтық пен орнықты даму жөніндегі сараптама кеңестерінің желісін құруға қолдау көрсету жобасының бір бөлігі болып табылады. Аталмыш кеңестер транзиттік тасымалдар саласындағы халықаралық жоба - «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі жүріп өтетін бүкіл аумақта құрылатын болады. Жібек жолы атауымен танымал тас жол құрылысы Қазақстан Республикасының бес облысы арқылы өтпек.
Отырыс таяуда қол қойылған жобаға мониторинг жүргізетін мемлекеттік органдар, халықаралық компаниялар мен «Азаматтық Құрылтай» қауымдастығына кіретін Қазақстаның үкіметтік емес ұйымдары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумда келісілген іс-шараларды талқылау мақсатында шақырылған болатын. Сараптама кеңестері жобаның іске асырылуының экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін қадағалайтын болады.
«Азаматтық қоғам мен өзге де мүдделі тараптардың шешім қабылдауға белсене қатысуы демократиялық даму мен тұрақтылық үшін қажетті шарт болып табылады. Бұл тараптардың барлығына да ымыраға келуге, мемлекеттің мүддесіне де, бүкіл Қазақстан Республикасы халқының мүддесінде де сай оңтайлы шешімге қабылдауға септігін тигізетін болады»,- деді ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы, елші Наталия Зарудная.
Аталмыш іс-шара Қазақстандағы өндіруші салалардың ашық болу бастамасына (ӨСАБ), сондай-ақ көпшіліктің шешім қабылдау барысына қатысуына қолдау көрсету жолындағы ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының бұған дейінгі жұмысының жалғасы болып табылады. Бұл жекеменшік сектор мен үкімет арасында тиімділіктің, ашықтық пен берілетін есептіліктің жақсартылуын қамтамасыз ететін болады.