ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы су ресурстарын басқаруда қызметтестікті дамытуға ықпал етеді
АЛМАТЫ, Қазақстан, 29 мамыр 2012 ж. – Саяси, заңгерлік, ғылыми орталардың, техникалық мамандар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азиядан келген алпыс өкіл бүгін Алматыда басталған жер асты суларын саналы пайдалану мәселелеріне арналған семинарға қатысады.
ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының БҰҰ Еуропаға арналған Экономикалық комиссиясымен (БҰҰ ЕЭК), БҰҰ Дамыту Бағдарламасымен (БҰҰДБ) және «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына атсалысу» қазақстандық үкіметтік емес орталығымен бірлесіп ұйымдастырған үш күндік шара екі тарапты және көп тарапты деңгейлерде трансшекаралық жер асты суларын кешенді басқару үшін нормативті, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерді жақсартуға бағытталған.
«Судың тапшылығы ЕҚЫҰ-мен тұрақсыздық пен қақтығысқа әкелуі мүмкін фактор ретінде танылды», - деді ЕҚЫҰ Астанадағы Экономика және экология бөлімінің меңгерушісі, Александр Пейчев. «Осы семинар арқылы біз жер асты суларын трансшекаралық басқару мәселесінің кешенді шешімін табуға, осылайша экологиялық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықты арттыруға ықпал етуге тырысамыз».
«Біз мұндай семинарларды су ресурстарын тиімді басқару үшін жер асты суларының маңыздылығын, сондай-ақ су шығаратын деңгейжиектерді тізімге алу қажеттілігін талқылау мүмкіндігі ретінде қабылдаймыз және қолдауымызды білдіреміз», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстарын басқару жөніндегі Комитетінің Су ресурстарын реттеу, пайдалану және қорғау басқармасының бастығы Мұхтар Жәкенов. «Биылғы жылы Қазақстан жер асты суларын бақылау үшін мемлекеттік қаражаттарды пайдалана бастайды және бұл шара осы семинарды ерекше пайдалы етеді, себебі осы саладағы халықаралық тәжірибемен танысуға мүмкіндік береді».
Жоба ЕҚЫҰ Орталығының трансшекаралық жер асты суларын басқару үшін құқықтық және институционалды негіздерін әзірлеу бойынша алдыңғы қызметінің жалғасы болып табылады.