ЕҚЫҰ Орталығы кәмелетке толмаған жасөспірімдер құқығын қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық прокурорларға арналған семинарды жүргізеді
АСТАНА, 24 мамыр 2012 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ұйымдастырылған заңмен қайшылықта болған кәмелетке толмаған жасөспірімдер құқығын, зорлық көрген балалар, сондай-ақ қылмыстық әділет жүйесі аясында қылмыс куәгерлері болып табылатын балалардың құқығын қорғау жөнінде прокурорларға арналған екі күндік оқыту семинары басталды.
Қылмыстық процесс ортасына тартылған кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдермен жұмыс жасау туралы білімдері мен машықтарын жетілдіру мақсатында Қазақстанның барлық аймақтарының 25-ке жуық прокурорлары аталмыш шараға қатысты. Семинар қатысушылары ең алдымен балалар құқығын қорғауды көздейтін, ювеналды әділет жүйесінің тәсілдерін жан-жақты қарастырды.
Семинар барысында халықаралық сарапшылар ювеналды әділетті әкімдестірудің халықаралық стандарттары, әлемдік тәжірибелері мен азаматтық немесе қылмыстық сот процесіне тартылған кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдермен өзара әрекеттесу техникасы туралы әңгімелеп берді.
ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының басшысы, Елші Наталья Зарудная былай деді: ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы Қазақстанның барлық аймақтарында мамандандырылған соттарды енгізуді жақтайды және прокурорлардың осы саладағы білімдерін жетілдіруге бағытталған Бас Прокуратураның барлық бастамаларын қолдайды».
Бас Прокуратураның Кадрлар біліктілігін арттыру институтының оқыту-әдістемелік жұмысы Басқармасының бастығы Серік Шоқатаев: «Қазіргі жағдайды талдау кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жұмысымыздың әдістерін жетілдіру қажет екенін көрсетті. Мұндай білім беру шаралары Қазақстанда ювеналды әділет жүйесін ары қарай дамытуға екпін береді», - деп өз пікірін білдірді.
Семинар ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының Кадрлар біліктілігін арттыру институтымен және БҰҰ Балалар Қорымен (ЮНИСЕФ) қызметтестікте ұйымдастырылды.