ЕҚЫҰ Қазақстанда балалар құқығын қорғау шараларын қолдайды
АСТАНА, 17 мамыр 2012 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығымен ұйымдастырылған балалар қатысында зорлық пен адам саудасымен күрес және алдын алу мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел басталды.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған халықаралық сенім телефоны күніне орай ұйымдастырылған шара балалар құқығын қорғау және дамыту бойынша қол жеткізілген жетістіктер пен кездесетін қиындықтарды талқылауға бағытталған. Осы тұрғыда заңнаманы жақсарту жолдарын және балаларды тұрмыстық зорлықтан, сексуалды эксплуатация мен қатыгездіктен қорғау бойынша қазақстандық мүдделі тараптардың атсалысу мәселелеріне ерекше мән берілді.
ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының орынбасары Жаннет Клетцер былай деді: «Балалар ақпаратты, қолдауды және көмекті қажет еткенде оған қолжетімділік мүмкіндігі жетіспейтін, халықтың ең аз қорғалған тобына жатады. Балалардың сенім телефоны балаларды зорлық пен қатыгездіктен қорғауда маңызды рөл атқаруы мүмкін».
«Бүгінгі шара адам саудасы және тұрмыстық зорлықпен күрес және алдын алу жөніндегі Орталық қызметінің, әсіресе балаларды эксплуатациялаумен күрес жөнінде мемлекеттік органдарымен, соның ішінде құқық қорғау органдарымен, білім беру мекемелерімен, әлеуметтік қызметтер мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін қызметтің бір бөлігі болып табылады».
Шараға Парламенттің 40 жуық депутаты, Министрліктер өкілдері, Әйелдер және отбасы-демографиялық саясат істері жөніндегі ұлттық комиссияның, Омбудсман кеңсесінің өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес, халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аталмыш шара барысында ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының қолдауымен жергілікті үкіметтік емес ұйыммен дайындалған «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы» заңның орындалуының мониторингі» басылымы ұсынылды. Дөңгелек үстелді ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы ҚР Білім беру және ғылыми министрлігі, Миграция жөніндегі халықаралық ұйым, Салауатты өмір салты ұлттық орталығы мен «Дағдарыс орталықтарының кеңесі» ҮЕҰ-мен бірлесіп ұйымдастырды.