ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы Қазақстанда сот мәмілелері институтын енгізу перспективаларын талқылауға ықпал етеді
АЛМАТЫ, Қазақстан, 26 наурыз 2012 ж. – Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасының қылмыстық процесіне сот мәмілесі институтын енгізу перспективаларына арналған дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалды кодексінің жаңа редакциясына сот мәмілесін немесе кінәні мойындау туралы мәмілені енгізу мәселесі бұрынырақ 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында жарық көрген.
Талқылауға әртүрлі мемлекеттік ведомстволары – Президент Әкімшілігі, Бас Прокуратура, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, Парламент өкілдерінен, сондай-ақ кейбір үкіметтік емес ұйымдардың, академиялық орталар мен адвокатура өкілдерінен құралған 50 жуық қатысушылар қатысты.
Франция мен Эстониядан келген халықаралық сарапшылар өз елдерінде сот мәмілесі институтын қолданудағы тәжірибелерімен бөлісті. Грузия, Ресей Федерациясы және Украинаның бас прокуратураларының өкілдері де өз елдеріндегі қылмыстық процестерде процессуалдық келісім институтын дамыту проблемалары мен перспективаларын ортаға салды.
«ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы Қазақстан Республикасында құқықтық реформаларды жүргізуге, атап айтқанда 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыруға ықпал етеді. Осы тұрғыда қылмыстық-процессуалды заңнаманың реформасы бойынша мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы диалогты дамыту Орталық үшін құқықтық саясатты жетілдіру саласындағы басты бағыттың бірі болып қалуда», - деді Елші, ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының Басшысы Наталья Зарудная.
«Бүкіл әлемдегі қылмыстың белең алуына және сонымен бірге сот төрелігі қызметінің жаңа үнемді формаларын табу қажеттілігіне байланысты, көптеген елдердің құқық қорғау органдары процессуалдық үнемдеу қағидаларын алдыңғы кезекке қояды. Алайда, қылмыстық процесс ортасына түскен тұлғалардың процессуалдық құқықтарын тиісті түрде қамтамасыз ету мен процессуалдық үнемдеу шаралары арасында тепе-теңдікті табу өте маңызды», - деді Наталья Зарудная.
«Сот төрелігімен мәміле жасау тұрғысында қылмыстық іс жүргізуді оңайлату ету бұл процестің пәрменді болуына жағдай жасайды», - деп толықтырды Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Хатшысы – Президент көмекшісі Марат Тәжин.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының, ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығымен, ЕО Қазақстандағы құқықтық реформаларды қолдау жөніндегі «Acojuris» жобасы және «Адам құқығын қолдау хартиясы» ҚҚ бірлесіп ұйымдастырған бұл шара ЕҚЫҰ Орталығының Қазақстан Республикасына құқық қорғау және сот жүйелерін жетілдіру саласында жағдай жасау бойынша қызметінің жалғасы болып табылады.