ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы Интернетті дамыту мәселелерін талқылауға ықпал етеді
АЛМАТЫ, Қазақстан, 18 мамыр 2012 ж. – Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының қолдауымен ұйымдастырылған екі күндік аймақтық Интернет-форум өз жұмысын бастады.
Интернетті дамыту жөніндегі Үшінші Орталық-азиялық форум жұмысына Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Литва, Тәжікстан, Украина және Өзбекстан елдерінің медиа-сарапшылары мен журналисттерімен, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдары мен дипломатиялық миссияларының өкілдерімен қоса, 100-ге жуық қатысушылары қатысады.
Қатысушылар Интернет пен сөз бостандығының дамуының, Интернетті мемлекеттік реттеуінің әртүрлі аспектілерін, Интернеттің бизнес аспектілерін, жергілікті электронды БАҚ және мемлекеттік тілдегі веб-ресурстардың мазмұнын талқылайды. Сонымен қатар, аймақтағы ақпараттың шектелмеген дереккөздерінің бірі ретінде Интернеттің даму проблемалары талқыланады және де Интернеттегі ақпараттың еркін ағыны қатысындағы ықтимал қауіптер туралы пікір алмасу жүргізіледі.
«Интернет пікірді білдіру үшін және азаматтардың өз ойын білдіру құқығын қамтамасыз етуге кең мүмкіндіктер береді, бұл белгілі деңгейде демократиялық құндылықтардың дамытылуын қамтамасыз етеді және жақсы ақпараттанған және жауапты азаматтық қоғам құруға жағдай жасайды. Интернетті реттеуші кез-келген заң адамның пікірін еркін білдіру және ақпарат алу сияқты іргелі құқықтарын шектемеуі тиіс», - деді ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының Басшысы, Елші Наталия Зарудная.
Қазақстан Медиа Альянсының Төрағасы, Әділ Жәлелов, осы пікірді былай деп толықтырды: «Интернет және ақпараттық технологиялар – барлық елдердегі экономиканың ең жылдам дамитын саласы. Орталық Азия да бұл үрдістен тыс қалған жоқ. Алайда, жергілікті салалық проблемалардың арасында бұғаттау, сүзу, цензура қою жағдайлары, сондай-ақ кейбір заңнамалық шектеулер кездеседі. Осы және басқа да аймақтық тақырыптар бірегей дискуссиялық сараптамалық алаңға айналған осы форумда талқыланады».
Талқылау барысында айтылған мәселелер аймақтағы Интернетті ары қарай дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу барысында қолданылатын болады. Ұсыныстар мемлекеттік мекемелер мен басқа да мүдделі тараптар арасында таратылады.
Форум үшінші рет өткізілуде және ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының «MediaNet» халықаралық журналистика орталығымен, «Сорос-Қазақстан» қорымен және Конрад Адэнауэр атындағы қормен бірлесіп ұйымдастырылған шаралардың бір бөлігі болып табылады.