ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы журналистерге экологиялық проблемаларды жариялауды үйретеді
ШЫМКЕНТ, Қазақстан, 5 сәуір 2012 ж. – Бүгін Оңтүстік Қазақстан, Шымкент қаласында журналистерге арналған экологиялық тақырыптарды жариялау мәселелері жөніндегі екі күндік тренинг басталды. Бұл тренингті ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық Әкімдігімен, сондай-ақ жақында құрылған Шымкент қ. Орхус Орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларының телевизия және баспалық БАҚ-ның байқау негізінде іріктелген жиырма бес журналисті экологиялық мәселелерді жариялаудың соңғы техникасын меңгеретін болады. Олар экологиялық журналистика тексерулері туралы білімін толықтырады және тәжірибелік мысалдар негізінде жариялау мәселелері бойынша ұсыныстар алады. Қатысушылар сонымен қатар оңтүстік аймақтың аса маңызды экологиялық дабылдарын, қоғамның қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдау үрдісіне қатысу маңыздылығын талқылайды және қоғамды ақпараттандыру стратегияларын үйренеді.
«ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы экологиялық проблемаларды жариялау кезінде журналистердің кәсіби біліктері мен білімдерін арттыруға бағытталған аталмыш шараға қолдау көрсетеді», – деді ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының экономикалық және экологиялық мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Александр Пейчев.
«Телевизиялық және баспалық БАҚ-ның өсуі жаңа медиа-технологияларды ескере отырып, аудиторияның ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тиісті заманауи журналистикаға жаңа талаптар қояды», - деп «MediaNet» халықаралық журналистика орталығының директоры Игорь Братцев атап өтті. «Бұл үрдіс әсіресе экология тақырыбында жазатын журналистерден ақпаратты қызықты әрі ақпараттық нысанда ұсынудың жаңа әдістерін үнемі іздеуді талап етеді».
Былтыр Атырау және Павлодар қалаларында өткен осындай шараларға негізделген курс экологиялық тақырыптарды жариялау мәселелері бойынша аймақтардың журналистерінің біліктілігін арттыруға бағытталған. Қазақстанның орталық облыстарын қамтитын төртінші тренинг биылғы жылы кейінірек уақытта өткізілуге жоспарланған. Экология тақырыбында жазатын журналистер үшін нұсқаулық әзірленбекші.