ЕҚЫҰ орталығы қазақстандық шекарашыларды оқытуда
АЛМАТЫ, Қазақстан, 5 наурыз 2012 ж. – Бүгін Алматыда Қазақстан Шекара қызметінің қызметкерлері үшін ЕҚЫҰ ұйымдастырған шекараларды басқару жөніндегі үш күндік семинар басталды.
Семинар Қазақстан Шекара қызметі мен Орталық Азиядағы ЕО/БҰҰДБ Шекараларды басқару бойынша бағдарламасымен (БОМКА) қызметтестікте ЕҚЫҰ Орталығымен ұйымдастырылды.
Қатысушылар құжаттардың бүтіндігі туралы, құқық бұзушыларды анықтау туралы білімін арттырады және халықаралық қалыпқа келтіру техникаларымен танысу мүмкіндігіне ие болады. Семинар барысында Ресей, Словакия және Австриядан келген сарапшылар қауіпсіздік және шекараларды басқару саласындағы озық тәжірибелер туралы мәліметтерімен бөліседі.
«Семинар барысында пікір және тәжірибемен бөлісу шекара қызметтерінің қазіргі замандағы шекараларға байланысты қауіп-қатерлерді түсінуге және олардың осы әрекеттерге жауап беру қабілетін арттыруға ықпал етеді», – деді ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының өкілі Михаил Асафов. «Бұл Қазақстан Шекара қызметінің жалған және контрафактілі құжаттарды анықтау әлеуетін арттыруға ықпал етеді, сонымен қатар өткізу құжаттарының қауіпсіздігі бойынша кеңейтілген қызметтестік есебінен заңсыз миграция мен қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қоюға бағытталған әрекеттердің пәрменділігін арттыратын болады».
Аламыш семинар ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының Қазақстандағы ЕҚЫҰ-ның шекара қауіпсіздігі туралы тұжырымдамасын дамытуға бағытталған қызметінің бір бөлігі болып табылады. Мұндай тренингтер өткен жылы Ақтау және Меркіде өткізілген болатын.