ЕҚЫҰ Орталығы жаңа медиа технологиялары туралы қазақтілді журналистерге арналған тренинг өткізуде
Қазақтілді журналистерге арналған Интернет пен жаңа медиа технологияларды пайдалану бойынша жоспарланған төрт тренингтердің алғашқысы 20-шы сәуірде Шымкентте, оңтүстік Қазақстанда басталды.
Тренингтер өңірлердегі журналистерге онлайн-журналитиканың құқықтық және этикалық қырлары, сонымен қатар Интернетті пайдаланудың әр түрлі қырлары, соның ішінде блогтарды қалай жасау және әлеуметтік торларды қалай пайдалану туралы білуге көмек етеді.
Қазақстанның оңтүстік өңірінен келіп, байқау негізінде сұрыпталған жиырмаға жуық журналистер ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының қолдауымен «Мінбер» қоғамдық қорымен ұйымдастырылған екі күндік тренингке қатысады.
Осындай тренингтер Петропавл (солтүстік Қазақстан), Өскемен (шығыс Қазақстан) және Атырау (батыс Қазақстан) қалаларында жалғасын таппақ.
Тренингтер 2010 және 2011 жж. өңірліқ журналистерге өткізілген шаралардың тәжірибесіне негізделген.