ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы тұрмыстық зорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі конференцияны өткізуді қолдайды
Астана, 25 қараша 2011 ж. – Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» 2009 жылы қабылданған Заңының іске асырылу барысына шолу және оған мүмкін түзетулер енгізу мәселесін талқылау жөніндегі конференция бүгін Астанада өз жұмысын бастады.
Кездесуді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, БҰҰ Дамыту бағдарламасымен, БҰҰ Әйелдер ұйымымен және Астанадағы Британ елшілігімен бірлесе отырып ұйымдастырды. Конференцияға Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы соттың, Бас прокуратураның және Еңбек, Білім беру, Әділет, Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктерінің, сондай-ақ Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның аймақтық өкілдіктерінің 75 жуық қызметкерлері қатысты. Конференцияға, сонымен қатар үкіметтік емес сектордың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері де қатысуда.
Конференция қатысушылары заңды іске асыру барысында кездесетін қиындықтар мен табыстары жөніндегі өз ойларын ортаға салып, сондай-ақ орталық, сонымен бірге жергілікті деңгейлерде әлеуметтік оңалту бойынша қызметтер көрсету бойынша тәжірибелерімен бөліседі. Үкіметтік емес ұйымдар заңның іске асырылуына жүргізілген мониторингі нәтижесін ұсынып, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдіреді.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Басшысы м.а. Жаннет Клетцер былай деді: «Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы норма шығару, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша заңнаманы іске асыруды дамыту және оған мониторинг жүргізу мәселелерінде Парламентпен, Үкіметпен және азаматтық қоғаммен белсенді қызметтестік етеді. Біз Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмауға бағытталған заңнамалық және іс жүзіндегі қадамдарын болашақта да қолдауға әзірміз».
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі және 4-ші шақырылым Парламентінің депутаты Жақып Асанов былай деді: «Зорлық құрбандарын қорғау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартудың пәрменді механизмі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гендерлік теңдікті дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Негізгі ведомстволар, олардың ішінде құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, әлеуметтік қызмет және білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік емес секторы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес және алдын алу бойынша әрекеттерін өзара үйлестіруі қажет».
Аталмыш шара Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою халықаралық күніне орай ұйымдастырылды және ЕҚЫҰ Орталығының тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес және гендерлік теңдікті дамыту бойынша жасалған жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.