ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстандағы экологиялық журналистиканың жақсаруына жағдай жасайды
ПАВЛОДАР, Қазақстан, 25 қараша 2011 ж. – ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған экологиялық журналистика мәселелері бойынша тренинг кеше Солтүстік Қазақстан, Павлодар қаласында өз жұмысын бастады. Екі күндік курсты ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы «MediaNet» халықаралық журналистика орталығымен қызметтесе отырып, Павлодар облысының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Аталмыш шара экологиялық мәселелерді кәсіби жариялау мәселелеріне арналды.
Павлодар, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының байқау негізінде іріктелген 25 жуық журналисті журналистік зерттеуді қалау жүргізу қажет, экологиялық мәселелерді қалай жариялап, табиғатты қорғау қызметіне қоғамның қатысуына қалай ықпал ету қажет екенін үйренді. Тренингті жүргізушілер қоршаған ортаны қорғау саласында БАҚ пәрменін арттыру үшін қолданыла алатын заманауи әдістер мен тәжірибелер түрлері туралы баяндады.
«БАҚ қоғамның экологиялық ақпаратпен танысуына және азаматтық қоғамның табиғатты қорғау қызметіне қатысуына ықпал етуде өте маңызды рөл атқарады. ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы экологиялық мәселелерді жариялауда журналисттердің кәсіби біліктілігі мен білімін арттыруды көздейтін шараларды қолдайды», - деп атап өтті өз сөзінде ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының экономика және экология бөлімінің меңгерушісі, Александар Пейчев. «Павлодар қаласында жақында ғана құрылған Орхусс Орталығы осы мәселелерді калың бұқара тобына мәлімдеп, оның ары қарай дамуына мұрындық болып отырғанына біз өте қуаныштымыз».
«Өкінішке орай, экология тақырыбы аудиториямен маңыздылығы екінші кезекті мәселе ретінде қабылданып, көбінесе назардан тыс қалып жатады. Сондықтан да, экологиялық мәселелер аудитория оларды азаматтық ұстаным тұрғысында және күнделікті өмірде басты мәселе ретінде қарастыратындай етіп жариялануы тиіс», - деді «MediaNet» халықаралық журналистика орталығының директоры, Игорь Братцев.
Павлодар қаласында өткен тренинг осы салада 2011 жылы ұйымдастырылған екінші шара болып табылады. Батыс Қазақстанның төрт облысының экологиялық мәселелерін қамтыған алдыңғы курс Атырау қаласында өткен болатын. Тренингтер сериясы келесі жылы Шымкент және Астана қалаларында жалғасын таппақшы.
Аталмыш курстар Қазақстанның ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға, қоғамның экологиялық мәселелерді шешуге қатысуын қолдауға, сондай-ақ ЕҚЫҰ қағидалары мен міндеттіліктеріне сәйкес БАҚ бостандығы мен пікір білдіру еркіндігіне ықпал етуге бағытталған жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.