ЕҚЫҰ Орталығы қолдауымен қазақстандық құқық қорғау органдары қызметекерлері үшін терроризмге қарсы күрес жөнінде семинар өтуде
Астана, 21 шілде 2011 ж. – Бүгін ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен прокуратура және басқа да құқық қорғау қызметкерлері үшін терроризм мен экстремизмге қарсы тұру жөнінде екі күндік қашықтықтан оқыту семинары өз жұмысын бастады.
Онлайн семинарға Қазақстанның барлық аймақтарынан 450-ге жуық құқық қорғау қызметкерлері қатысуда.
Жергілікті құқық қорғау мамандары, ұлттық сарапшылар және Ресей мен Түркиядан арнайы шақырылған баяндамашылар терроризм мен қаһарлы экстремизмге тойтарыс беру, бағыт-бағдарды анықтау және тиімді алдын алу шаралары жөніндегі өз тәжірибелермен бөліседі. Семинар сонымен қатар ақшаның жылыстауы мен терроризмді қаржыландыру, тергеу жүргізу әдістері, халықаралық ынтымақтастық пен өзара құқықтық көмек мәселелерін де қамтиды.
«ЕҚЫҰ 21-ші ғасырдың қауіпсіздікке қатер мәселелерін қарастыруда диалог пен ынтымақтастық жолдарын ұстанады. Терроризмнің алдын алу және онымен күресу қайраттылықты, іс-қимыл еркіндігін және демократиялық қоғамға тән заң үстемдігін ұстанатын бірлескен стратегияны талап етеді», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер. «Семинарды онлайн әдісімен өткізу тренингті тиімді ұсынуға және де аймақтардан мүмкіндігінше көбірек қатысушыларды тартуға мүмкіндік берді».
Қазақстанның Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко өз сөзінде: «Терроризм қазіргі заманның маңызды мәселесі, сондықтан бұл онлайн жүйесіндегі семинар біздің қызметкерлеріміздің терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресу аясында кәсіби біліктілігін арттыруына септігін тигізіп, Ресейден және Түркиядан келген сарапшылармен тәжірибе алмасуға маңызды мүмкіндік береді», - деді.
Бұл семинар ЕҚЫҰ Орталығының ҚР Бас прокуратура жанындағы біліктілікті арттыру Институтымен ұзақтан жалғасып келе жатқан біргеістестігінің бір көрінісі болуымен қатар, осы жылдың басынан Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған бірқатар тренингтер тізімінде алғашқы онлайн конференция болып табылады.