Прокурорлар Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы ұйымдастырған семинар барысында азаптауға қарсы күрес тәжірибесімен танысуда
АСТАНА, 15 маусым 2011 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ ұйымдастыруымен Қазақстанның әр тарапынан жиналған прокурорлар үшін азаптаумен күресу аясындағы халықаралық стандарттар мен іс-тәжірибе жөнінде семинар өз жұмысын бастады.
Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы мен Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру Институты бірлесіп екі күндік семинар ұйымдастырды. 35 прокурорлар БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясын Қазақстанда жүзеге асыру барысында туындайтын қиындықтарды пысықтайды. Азаптауға тиым салатын және бас бостандығынан айрылғандарды азапталудан сақтайтын Қазақстандық заң негіздерін қарастыру да күн тәртібіне қойылған.
Латвиялық, Молдовалық және Қазақстандық сарапшылар осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнамаларға және де жәбірленгендерге өтеме беру мен азаптаушыларды жазалауға бағытталған қолданыстағы ұлттық және халықаралық шараларға шолу жасайды. Сонымен қатар, ұлттық заңнама шеңберіндегі қамаудағыларды азаптап-қинаудан қорғаудағы және жәбірленгендік туралы арыз-шағымдарды тексерудегі прокурордың рөлі талқылаудың өзекті тақырыбы болады.
«Бұл семинар Қазақстанның азаптаудың алдын алу және азаптаушыларды қудалауға бағытталған қадамдарының бірі,» - деді Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы, Елші Александр Кельчевский. «Азаптау - халықаралық құқыққа сәйкес қатаң тиым салынған әрекет, сондықтан ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттері азаптаудың ар-намысқа тигізетін қорлығымен күресуге міндеттенеді».
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Асқар Секишев: «Қазақстан Республикасы азаптаудың алдын алу және оған қарсы күресу жөнінде өзіне халықаралық міндеттемелер алған. Қазақстан осындай әрекеттерге қатысты ‘нөлдік шыдамдылық’ қағидасын қолдап, азаптауға қарсы барлық институционалдық және заңнамалық күшін салады», - деп қосты.
Осы семинар ЕҚЫҰ-ның ҚР Бас Прокуратурасы жанындағы біліктілікті арттыру Институтымен прокурорлардың адам құқығы мен заң үстемдігіне қатысты әр түрлі тақырыптағы білімін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді біргеістестігінің көрінісі. Бұл іс-шара ЕҚЫҰ орталығының қылмыстық әділсот аясындағы сот реформаларына қолдау көрсетуінің бір бөлігі.