ЕҚЫҰ Қазақстанның шекара қызметіне тәуекелдерді профильдеу жөнінде қолдау көрсетуін жалғастыруда
2017 ж. 3 наурызда Алматы қаласында трансұлттық қылмысқа қарсы іс-әрекет мақсатында шекаралық өткізу пунктерінде профильдеу бойынша ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған бес күндік оқыту семинарлары топтамасының біріншісі аяқталды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің жиырма төрт офицері ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі, Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттары Елшілігі және Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ЦАРИКЦ) бірлесіп ұйымдастырған жобаның екінші кезеңіне қатысты.
Қазақстан психологтары мен терапевтерінің республикалық ассоциациясы, сонымен қатар Шекара қызметі шекара бақылау бас басқармасының офицерлері шекарашыларды тәуекелдерді профильдеу жүйесін дайындау, қылмыстық оқиғалар бойынша мәліметті талдаудың статистикалық құралдары және кең ауқымда пәрменді тәуекелдер профильдерін дамыту жолдарымен қамтамасыз етті.
Тренингке күдіктінің вербалды және вербалды емес мінез-құлқын терең психологиялық талдау техникалары, сонымен қатар тәуекелдердің нақты көрсеткіштерін анықтау жолдары енгізілген. Іс-шараның ашылуы барысында Офис пен АҚШ Елшілігінің қолдауымен ЦАРИКЦ пен Психологтар ассоциациясы сарапшыларымен әзірленген «Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде профильдеуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік құрал» ұсынылды.
Аталған топтама былтыр Қазақстанның алты түрлі аймағында Шекара қызметінің 80-нен астам офицерлеріне профильдеу бойынша шекарашыларға арналып ұйымдастырылған оқыту іс-шараларының жалғасы болып табылады.
Аталған іс-шара трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет ете отырып, қабылдаушы елде шекаралық қауіпсіздікті нығайту мен шекара қауіпсіздігін кешенді басқаруды ілгерілету бойынша Офистің ұзақ мерзімді қызметінің бөлігі болып табылады. Келесі іс-шаралар Алматы, Ақтөбе, Астана және Қостанай қалаларында өткізілуге жоспарланып отыр.