Полиция Қазақстанда тренинг семинар барысында психологиялық профильдеу техникаларын оқытылуда
2016 жылғы 9 желтоқсанда Астана қаласында бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде қолданылатын психологиялық профильдеу техникалары бойынша полиция офицерлеріне арналған ЕҚЫҰ-ның үш күндік оқыту семинары аяқталды.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Ішкі істер министрлігімен бірлесе, Германияның Федералды Сыртқы істер министрлігінің қаржылық қолдауымен ұйымдастырылған семинарды Қазақстан психологтары мен терапевттерінің республикалық ассоциациясының сарапшылары өткізді. Аталған іс-шара ЭКСПО 2017 және Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2017 дайындық шеңберінде бұқаралық жиындарды басқарудың озық практикалары бойынша үстіміздегі жылдың қазан және қараша айларында өткізілген семинарлардың жалғасы болып табылады.
Астана қаласы Ішкі істер департаментінің 30-ға жуық орта буын офицерлері бұқаралық іс-шаралар барысында ықтимал қылмыскерлерді анықтаудың психологиялық техникалары туралы білді. Сарапшылар психологиялық профильдеу мәселелері, соның ішінде тәуекел профильдерінің элементтерін анықтау, топтың психологиясы мен агрессивті топқа психологиялық әсер ету әдістері, өтірік айтуды анықтау техникалары, көріп есіне сақтауды, зейінді шоғырландыруды және бөлуді бекіту жаттығуларына ерекше көңіл бөлді. Сарапшылар сонымен қатар тәуекел индикаторларын пайдалану әдістерін көрсетті. Курс барысы практикалық жаттығулармен толықтырылды.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қауіпсіздікті нығайту, есептілікті арттыру мен бұқаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында озық практикаларды ілгерілету бойынша қызметінің бөлігі болып табылады.