ЕҚЫҰ Қазақстанда тауарларды уақытша әкелу бойынша жәрдемдесуге бағытталған семинарды қолдауда
2017 жылғы 2-3 наурыз аралығында Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен өткен семинар барысында Қазақстанның 70-ке жуық орталық аппарат және жергілікті кеден қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен бизнес қауымдастығының мүшелері мүдделі ұйымдарға басқа елдерге тауарды уақытша әкелуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жүйемен жұмыс жасау бойынша оқытылды.
Семинар тауарларды уақытша әкелу туралы 1990 жылғы Ыстанбұл конвенциясын тәжірибе жүзінде іске асыру және Карнет АТА (Admission Temporaire франц. тілінде / Temporary Admission ағыл. тілінде) жүйесін қолдануға бағытталды. Аталған жүйені қолдану әсіресе Астанада 2017 жылдың маусым-қыркүйек аралығында өтетін ЭКСПО-2017 қатысушылары үшін маңызды. Іс-шараны дайындауға 100 мемлекет пен оннан аса халықаралық ұйым қатысуы жоспарланған.
Семинарды ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығымен және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Қатысушылар Карнет АТА жүйесін бүкіл әлемде қолданудың практикалық артықшылықтарын қарастырып, сондай-ақ аталған жүйенің Қазақстанда қолдану сын-тегеуріндерін талқылады. Беларусь пен Ресей кеден әкімшіліктері мен Сауда палаталарынан келген сарапшылар өз елдеріндегі Карнет АТА жүйесін қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті және аталған жұмысты орындау кезінде болатын мүмкін қиыншылықтарды атап өтті. Сонымен бірге, талқылаулар тауарларды уақытша әкелу бойынша дұрыс кедендік ресімдеу мен құжаттарды толтыру мәселелерін қамтыды.
Аталған семинар сауданы дамыту жөніндегі тиімді басқаруды ілгерілетуде қабылдаушы елге қолдау көрсету бойынша Офистің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.