ЕҚЫҰ Қазақстанда БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландыру жөнінде сарапшылық дөңгелек үстелді бірлесіп қолдауда
2017 ж. 2 наурызында Астана қаласында БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландыру жөнінде ЕҚЫҰ қолдауымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара үкіметтік қаржыландыру есебінен қолдау алатын жобаларға тиімді түрде мониторинг жүргізу мен бағалауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу мен механизмдерді жетілдіру жолдарын қарастыру мақсатымен ұйымдастырылды.
50-ге жуық Парламент депутаттары, лауазымды тұлғалар, дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар медиа сарапшылар мен журналистерге арналған іс-шараны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі Сорос Қазақстан Қоры және «Құқықтық меди-орталық» ҮЕҰ бірлесіп ұйымдастырды. Эстония және Беларьтен келген саарапшылар өз елдерінің тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара ЕҚЫҰ-ның қағидаттары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігі мен сөз бостандығын ілгерілетуге бағытталған Офистің атқарып жатқан жұмысының бір бөлігі болып табылады.